↑ Return to Кітапхана

Кітапхана тарихы

ПАВЛОДАР  ХИМИЯ-МЕХАНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ КІТАПХАНАСЫ

Тарихқа көңіл аудара отырып, біздің кітапхана 1979 жылы Павлодар қаласында «КСРО Химиялық өнеркәсіп Министрлігінің  кадрлар мен оқу орындары басқармасы»  шешімімен « Павлодар химия зауыты» базасында  кешкі оқу түрімен «Химия механикалық техникумы»  құрылды.

Алғашқы кітапхананың аумағы 100м2 болды.Оқу мекемесінің ашылуы кезінде  кітап қоры 6500 дананы құрады, соның ішінде:

-Оқулықтар мен оқу құралдары-5200дана;

– Қоғамдық-политехникалық әдебиет-900 дана;

-Көркем әдебиет-400 дана.

Павлодар химия-механикалық колледжі кітапханасы  студенттердің кәсіби білімдерін  қалыптастыруға  және кәсіпорындар салаларының операторлар,апаратшылар,зертханашылар, технологтар, механиктер,машинистер  ретінде жұмыс  істейтін мамандарды дайындауға қатысатын  кілтті бөлігі ретінде  өз үлесін қосады.

1982 жылы техникум күндізгі бөлімге қайта ұйымдастаралды.Осы  жылдан бастап кітапхананың  белсенді кешенді оқу қоры басталды.

Кітапхананың оқу құжаттарына сәйкес1982-1991 жылдар арлығында кітап қоры біршама өсті. 1997 жылы 26 маусымда    оқу орны директорының бұйрығымен  кітап қорын бас түгендеу  тағайындалады, түгендеуден кейін  кітапхана қоры  жаңа инвентарлы кітаптарға жазылады.Бұдан әрі кітапхана  2000 жылдан бастап  қана белсенді толыға бастады.

2017 жылы колледждің кітапхана балансында 27122 дана ( с.і.мемлекеттік тілде 6473 дана) білімнің барлық салалары бойынша  жан-жақты әдебиет бар.Кітапхана қоры Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының  талаптарына сәйкес жинақталады,біздің оқу орны тәрбие қызметіне және  оқырмандардың сұранысына,  оқытудың мазмұны мен  түрлеріне сәйкес білім беру ортасының барлық  факторлары есептеледі.Әдебиеттер Қазақстан,Ресей кітап баспалары және дүкендері арқылы сатып алынады.Колледж кітапханасының  негізгі жеткізушілері «Фолиант», «Атамұра» республикалық басылымдары: « Қ.Сатпаев атындағы кітап үйі» кітап дүкені (Павлодар қ.), «Топ книга» (Новосібір қ.) кітап сату ұйымдары, «Академия» (Москва қ.).Сондай-ақ кітапхана екі жыл ішінде Бүкіләлемдік банктың білім беру гранты бойынша  қаржыландыратын « Техникалық және кәсіби білімді жаңғырту»  институционалдық дамыту жобасын іске асыру арқылы өз қорын толтырады.

Оқу үрдісінде 19549  дана оқу әдебиеті және 3320 дана оқу-әдістемелік әдебиет қолданылады.

Қазақстандық, Ресейлік анықтамалық  энциклопедиялық басылымдарды  құрайтын кітапхананың коллекциясы анықтамалық –библиографиялық  ақпаратқа бай және кеңейтілген.Жыл сайын кітапхана мерзімдік баспалардың 50 атауына жазылады, олардың ішінен тәрбие,сыныптан тыс жұмыс, қоғамдық-саяси және мамандандырылған  кәсіби басылымдар бар.

Кітапхана 97 м2 көлемінде  заманауи типтік ғимаратында  орналасқан және оқырмандарға екі пункте  қызмет көрсету жүргізіледі: абонемент,медиатека аймағымен оқу залы.

Біздің оқу кітапханамыз үнемі жаңа  шешімдерді іздеуде,оқырмандарға қызмет көрсету түрлері мен әдістерін үнемі іздестіреді.Қажеттілікке бағыт бере отыра, оқу бағдарламаларын, виртуалды зертханалар,электрондық кітаптар,аудиотренажерлер, оқу фильмдерін көрсету заманауи оқу  үрдісінде  қолдануға бейімделе отырып,  2009 жылғы 6 қаңтардан бастап кітапхана медиатека қорын құра бастады.Колледж басшылығы осы жылы кітапхананы барлық қажетті техникалық  құралдар мен қамтамасыз етіп, жаңа қызмет көрсету пункті медиатека енгізді.

Студенттер мен оқытушылар қызметіне  медиатеканың ақпараттық қоры әр түрлі электрондық  тасымалдағыштарда  850 атаудан тұрады -бұл  анықтамалық энциклопедиялық, жалпы химия,  химиялық технологиялар, физика,механика, электротехника, авто ісі, тілтану, саясаттану,әлеументтану, дүниежүзілік тарих және қазақстан тарихы, экономика,құқық, өндірістік экология,еңбекті қорғау, сондай-ақ ғылыми-танымал, оқу,көркем фильмдер, басылымдар жинау бойынша оқу басылымдары.Медиатека қабырғасында  Интернет ресурсын қолдана отырып,колледж сутденттерінің шығармашылық жұмыстарын дайындау мүмкіндігі бар (хабарлар,баяндамалар,рефераттар,презентациялар).

2015 жылғы қазаннан бастап колледж кітапханасы «MARK-SQL автоматтандырылған  ақпараттық-кітапханалық жүйесі» негізінде кітапхананың кітап қорының деректер базасын құру бойынша жұмыс бастады.Сондай-ақ кітапхана оқырмандарына ыңғайлы болу үшін «Мультимедиялық басылымдар», «Кітаппен қамтамасыз ету» каталогтар жүргізіледі.

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation