Технологиялық пәндер ЦӘК онкүндігінің ашылуы
Колледжтің галереясында студенттерді қызықты әрі танымдық байқаулармен колледж оқытушылары қарсы алды:
Технологиялық сұлба бойынша аппаратты анықта
«Пинг-понг стакандары» – шарды стақанға дәл түсір, сұраққа жауап бер, тәтті сыйлық ұтып ал
«Бұл не?» – студенттер көзін жұмып, зертханалық жабдықтарды сипап анықтады
«Бөтелке Челленджі» – түрлі ерітінділер құйылған колбаларды түстеріне қарай сәйкестендір
Студенттер барлық байқауларға белсенді қатысып, кәсіби бағыттағы білім деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Олар тәтті сыйлықтармен марапатталып, керемет көңіл-күйге бөленді
Junior Skills – 2025
Балалар жұмысшы мамандықтарының негіздерін меңгерді. Бүгін қатысушылар жіңішке металл табақтардан арнайы кілт жасады. Олар верстакта, бұрғылау станогында қызығушылықпен жұмыс істеп, слесарь құралдарын пайдаланды. Бұл жай ғана жарыс емес — бұл болашаққа қосқан үлес!
Қатысушылар мен тәлімгерлерге кәсіби білімді насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!
«JuniorSkills-2025» чемпионатының нәтижелері:
1-орын – №35 ЖОМ оқушысы Д.С. Жанабай;
2-орын – №5 ЖОМ оқушысы К.К. Крупинский;
3-орын – Ә.Бокейхан ат. мектеп-лицей оқушысы Б.Т. Жобай;
«Үздік маман» номинациясы бойынша – №15 ЖОМ оқушысы А.А. Ротарь марапатталды.
Барлық қатысушыларға дипломдар және қатысқаны үшін сертификаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды.
JuniorSkills Pavlodar-2025
Чемпионат аясында сарапшылар қатысушылардың өлшеуіш ыдыстармен жұмыс істеу шеберлігіне, ерітінділердің концентрациясын анықтай білуіне, индикаторлармен жұмыс жүргізу дағдыларына баға берді. Оқушыларға нағыз химиялық талдау зертханашылары ретінде өз кәсіби қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік берілді.
JuniorSkills Pavlodar-2025 чемпионатының нәтижелері:
1 орын – №6 ЖОМ оқушысы Бейсенов Ринат;
2 орын – С. Торайғыров ат. ЖОМ КММ оқушысы Рахметова Сабина;
3 орын – №41 ЖОМ оқушысы Степурский Тимур;
«Үздік маман» номинациясы бойынша №36 ЖОМ оқушысы Баланюк Ксения марапатталды.
Барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары мен дипломдар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.
BabySkills Pavlodar 2025
Бүгін, 4 сәуір күні, Павлодар химия-механикалық колледжінің алаңында BabySkills Pavlodar 2025 атты жарқын әрі шын мәнінде сиқырлы чемпионат өтті. Бұл чемпионат WorldSkills әлемдік қозғалысы аясында өткізіліп, жұмысшы мамандықтарын дамытуға бағытталған.
Байқаудың мақсаттары:
• балалардың шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыту;
• ата-аналарды балалардың кәсіби бағдарлау процесіне тарту;
• аймақтағы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және насихаттау;
• балабақшалар мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Біздің басты кейіпкерлеріміз — Павлодар қаласындағы балабақшалардың ең кішкентай тәрбиеленушілері, 4–5 жас аралығындағы балалар болды. Олар бұл шараға ата-аналарымен және тәрбиешілерімен бірге келді.
Компетенция: Зертханалық химиялық талдау.
Атауы күрделі естілгенімен, бүлдіршіндер шын мәнінде қызығушылықпен тәжірибелер жасады:
Қауіпті қызыл лава
Түрлі-түсті слайм
Химиялық қардан жасалған құлпынай торты
Чемпионатқа келесі балабақшалар қатысты:
«Павлодар қаласының №32 сәбилер бақшасы» КМҚК – Қабыкен Рахим
«Павлодар қаласының №102 ясли-бақшасы» КМҚК – Пфунт Софья
№42 мектепке дейінгі гимназия – Муканова Камила
«№9 балабақша» КМҚК – Абжамалов Әлиби
«Павлодар қаласының №40 бала-бақшасы» КМҚК – Адрышева Сайёра
«Павлодар қаласының №31 бала-бақшасы» – Саленко Радмила
Барлық қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды!
Бірақ ең бастысы — балалардың көзіндегі қуаныш, жаңа жаңалықтар және мамандықтар әлеміне алғашқы қадамдар болды.
Ғылымға, күлкі мен мейірімге толы керемет күн үшін ұстаздарға, ата-аналарға және колледж ұжымына шын жүректен алғыс білдіреміз!
