«Игі іс!» акциясы

 

2016 жылы 7 қазанда БЗХТ-16-9 тобының кураторы З.М.Темешева өз  тобының оқушыларымен « Самал» Айықтыру Орталығында ерікті іс –әрекет шеңберінде акция ұйымдастырды. Қыздар бөлмеде дымқыл тазалау жасап, әйнектерді жуып,асханада көмектесті. Жұмыс соңында орталық қызметкерлері алғыстарын білдіріп олардың бастауларына табыс тіледі.

БЗХТ-16-9 тобының еріктілері  өздерінің достары мен оқушыларды оларға қослуға және жақсылық жасауға шақырады.

” Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі

6 қазанда Павлодар химия-механикалық колледжінде 2013-2017 жж ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ” Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу”тақырыбында оқушылармен ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Дәрісті АӘД оқытушысы Ж.К.Маненов өткізді.

Дәрістің мақсаты: Қазіргі заманның ғаламдық проблемасы –терроризммен танысу. Жастар арасында экстремизм мен терроризмді алдын алу және күрес әдістері.

«Филология еліне саяхат» брейн-рингі

22 қыркүйек күні 1 курс студенттері арасында орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Л.Б.Карпаева Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Филология еліне саяхат» брейн-рингін өткізді. Брейн-ринг 5 бөлімнен тұрды,оқушылар лингвистикалық білімдерін,әдебит кейіпкерлерді, ескі сөздерді еске алып,актерлік шеберліктерін көрсетті.

Сондай-ақ әр клманда үй жұмысын дайындады. Қазылар алқасы қорытынды жасады.

1 орын – ӨЖТҚКЖ-16-9-1

2 орын – МГӨТ-16-9-1

3 орын – БЗХТ-16-9

Командалар дипломдармен марапатталды, оң эмоциялар алды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Встреча с сотрудниками ЦРМИ

2016 жылы 19 қыркүйекте  Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері қызметімен танысу үшін  жастар бастамаларының орталығына шақырылды . ЖБДО мүшелері орталық бойынша экскурсия өткізді, шаралар жоспарымен осы жылға жоспарланған бағдарламалармен таныстырды.

Соңында БЗХТ-16-9 тобының оқушылары ЖБДО өткізілген шаралардың бейнебаяндарын қарады. Кездесу қызықты және  ақпаратқа толы болды.

 

Конкурс «Тіл білгірі»


Тіл-бұл біздің елімізде мекендейтін халықтың достығы, түсіністігі мен қарым-қатынас құралы. Қазір ана тілін ғана емес,басқа да тілдерді білу керек-бұл уақыт талабы. 2016 жылы 19 қыркүйекте «ПМХЗ»ЖШС Қазастан халқының тілдері күні аясында, көптілділік негіздерін қалыптастыру, тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу, тіл туралы мәліметтерді жүйелеу, кеңейту мақсатында мемлекеттік тілді білуге арналған «Тіл білгірі» байқауы өтті.


Қатысушылар қатарында Павлодар химия-механикалық колледжінің дуалды түрі бойынша оқитын МГӨТ-13-9-1 тобының студенті Александр Останин болды.Байқау қатысушыларына жеңу үшін , бұл өзге ұлт өкілдеріне әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды жеңуге тура келді.

Қазылар алқасының бір ауыздан қабылданған шешімі бойынша 3 жүлделі орын тағайындалды: 1 орын- технологиялық қондырғылар операторы Я.Сергеев, 2-орын-жүргізуші инженер-энергетик Е.Лангольфқа және инженер-конструктор Дмитрия Денисоваға, 3орын химиялық сараптама лаборанты Виктория Топко мен колледж студенті Останин Александр бөліп алды.

«ПМХЗ»ЖШС бас директоры Ш.А.Данбай байқау қатысушыларына дипломдар тарту етіп, осы шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне белсенді ат салысқандары үшін алғысын білдірді.

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation