Сапаның тәуелсіз бағалануы

Сапаның тәуелсіз бағалануы

2009 жылдан бастап диплом алу үшін колледж түлектерінің  білім сапасының тәуелсіз бағалануы (СТБ)  іске асырылады. Бұл тек студентке қойылатын баға емес, бұл – бүкіл оқу орнына қойылатын баға. Өйткені студенттер бұл тестілеуден сәтті өтсе, олар мамандықтарына сәйкес білім алғаны сөзсіз мәләім. «Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту бойынша Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» СТБ-ны ұйымдастырады.

Арнайы құрылған нұсқаулық бойынша екі кезеңмен өткізілетін, және де сыртқы факторлар бөгет жасай алмайтын жағдайда тестілеу автоматтандырылған тестілеу жүйесімен жүргізіледі, РӘҒО тестілеу тапсырмаларын дайындайды. Кезеңдері:

1) білім беру мекемелерінде білім алушылардың қорытынды аттестатталуы;

2) кәсіби дайындылығының деңгейін бағалау және біліктілікті беру.

Кәсіби дайындық сапасының тәуелсіз бағалануының, біліктілікті растау және берудің мақсаты – жұмысшы жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтың (БТБА) біліктілік талаптарына мамандар даярлау деңгейінің сәйкестілігін тексеру.  Негізіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және БТБА алынған.

Теориялық бөлімі арнайы пәндер бойынша 100 сұрақтан тұрады, және де оған 2,5 сағат бөлінеді. Студент кем дегенде 60 ұпай жинау керек, сонда ғана ол тәжірибешілік бөлімге жіберіледі. Тәжірибешілік бөлімі РӘҒО-ның уәкілетті өкілі комиссияның төрағасы болып, комиссия қатысуымен колледжде өткізіледі. Тәжірибешілік бөлімі сәтті аяқталған кезде «сынақтан өтті» деп бағаланады. Тәжірибешілік тапсырмаларды орындау барысында түлектер көрсеткен негізігі білім мен дағдылар маманды даярлаудың кәсіби талаптарына сәйкес болу керек.

Теориялық және тәжірибешілік емтихан өткізілгеннен кейін біліктілікті беру туралы мемлекеттік нысандағы сертификат беріледі.

Кәсіби дайындық сапасының тәуелсіз бағалану, техникалық және қызмет көрсету бойынша білім берудің кәсіптері (мамандықтары) бойыншакәсіби дайындық деңгейін растау және  біліктілікті растау мен оны берудің бірнеше артықшылығы бар:

– жұмыс берушілер үшін:

Біріншіден, жұмыс берушілер емтихандық тәуелсіз сараптамалық топ құрамына енгізіледі, түлектер білімін сапасының бағалауына және кез келген біліктілікті беру немесе оны растауына өздері қатысады. Екіншіден, өз пікірлері бойынша көзге түскен түлектер мен кандидатуралармен өзінің мекемелер штатын толықтыруларына мүмкіндік болады.

– түлек студенттер үшін:

Емтихандарды сәтті тапсырып, жағымды қорытындылар жарияланған кейін арнайы сертификаттың берілуі –  ең бірінші табыс. Оларға жақсы білімдерін және жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетуге мүмкіндік беріледі, тәуелсіз сараптамалық топ құрамына енгізілген жұмыс беруші ұйымдар басшыларына көзге түсіп, сол немесе басқа ұйымдардан жұмыс орнын таба алады. Бұдан басқа еңбек рыногында бәсекелестікке қабілетті болады. Болашақта шетелде сертификат танылған кезде  шетелде өз мамандығы бойынша біліктілігін және кәсіби дайындығын қосымша процедуралар арқылы растамай-ақ, өзіне сай жұмысқа орналаса алады.

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation