КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ

КСРО Химия өнеркәсібі Министрлігінің кадрлық және оқу орындары басқармасы  1979 жылы 6 шілде, Павлодар химиялық зауыты негізінде  кешкі химия-механикалық техникум  құру туралы шешім қабылдады. Техникумның басты мақсаты дамыған комбинат цехтарына мамандар дайындау болатын.
Колледж директоры болып  Валентин Дмитриевич  Кривенко  тағайындалды.

 Валентин Дмитриевич Кривенко – КСРО химия өнеркәсібінің үздігі, дарынды  педагог және техникум ұжымын ұйымдастырушы, ал 1979 жылдан 2002 жылға дейін колледж   басқарған.  Осы кісінің арқасында Павлодар химия-механикалық колледжі республикалық және облыстық  білім саласында  берік орын алды.
Валентин Дмитриевич  өндірісті  басынан бастап білген: ол Павлодар трактор зауытының шеберінен цех басшысына  дейін өсті. 1973 жылы Валентин Дмитриевич техникалық және кәсіби білім беру жүйесі  өндірістік оқыту шеберіне өтті. 1975 жылы Валентин Дмитриевич Павлодар химия зауытына кадрлар дайындайтын  ГПТУ-146 директоры болып тағайындалды.  Ал 1979 жылы, КСРО Химия өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен ол Павлодар химиялық зауытының негізінде қайта құрылған техникум  директоры болып тағайындалды.
Колледж ұйымдасқан кезде  Павлодар химия зауыты жалпы ауданы 3600 шаршы метр жаңа 4 қабатты ғимарат (химия-технологиялық институтының зертханалық ғимаратының типтік  жоба) берді.

1982 жылы техникум күндізгі бөлімге ауысты.  1983 жылы алғашқы рет кешкі бөлімнің оқушылары 80 түлек оқуды аяқтады.

Колледждің екінші директоры   Наталья Георгиевна Шишкина болатын.  Наталья Георгиевна Шишкина – 2002 жылдың наурыз айынан 2011 жылдыңі қараша айына дейін колледж директоры болды. Сол жылдары оқу орталығы ашылды, химия-механикалық колледжінің құрамына Павлодар сервис колледжі кірді. Сервис колледжі автомобиль көліктерінің  техник-модельер, техник-механиктерін қалай  шығарса, дәл солай   коммуналдық саласының менеджерлерін шығарды.Павлодар қаласының ЖЭО,МАЭС, «Қазақстан Алюминиі» АҚ, Павлодар мұнай-химия зауытымен жақын байланыстар орнатылды.
Наталья Георгиевна Шишкинаның  билігі кезінде өз саласының  көптеген талантты мамандары шықты.   
           Гульнар  Кабиденовна  Аманжолова (05.04.1962 ж.т., Павлодар қ.)  «Павлодар   химия-механикалық   колледжі»КМҚК директоры.   Петропавл педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтады , ҚР Білім және ғылым министрлігінің  құрметті қызметкері.

Колледждің  білім беру қызметінің 35-жылдан астам уақыт аралығында 3 мыңнан астам маман шығарылды, олардың көпшілігі кәсіпорындарда операторлар, апаратшылар, зертханашылар машинисттер, механиктер болып жұмыс атқарады. Түлектердің кәсіби дамуы олардың ауысым, қондырғы, цех басшыларының лауазымында болуға мүмкіндік береді.

 Колледждің « Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ ұзақ мерзімді  ынтымақтастық көрсеткіші ол жиырмадан астам бірлесіп әулеттер тәрбиелеу, кәсіпорын дәстүрлерінің сақталуы мен көбеюі  және еңбек  ұжымы  жұмыстарының  тұрақтылығы болып табылады.
Колледжде жүйелі түрде  тәжірибеден өзінің қорын толтыратын, ұйымшыл-шығармашыл   педагогикалық құрамы жұмыс істейді. Тағылымдаманы кәсіпорында өтеді.
2012 жылы оқытудың дуалды түрі бойынша  мамандар дайындау бойынша әлеументтік серіктестік туралы « Павлодар химия-механикалық колледжі», Облыстық білім басқармасы және « Павлодар мұнай-химия зауыты» арасында  үш жақты келісімге қол қойылды. Пилоттық жоба шеңберінде « Мұнай,газ өндеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» және «Мұнай және газды қайта өндеу технологиясы»  мамандықтары бойынша 2 топ  білі алады.  2013-2014 оқу жылында Жаңаөзен,Маңғыстау, Мұнай-газ колледждерімен Павлодар химия-механикалық колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
 2013 жылы Дүниежүзілік банк займы есебінен қаржыландырылатын «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» институционалдық даму жобасы шеңберінде, колледж 380,000 доллар көлемінде Дүниежүзілік банк тарапынан білім беру грантын жеңіп алды. Колледждің шеберханалары мен зертханаларына жаңа заманауи  жабдықтар  сатып алынды: білдектер, тік жоңғылау білдектері, тік бұрғылау білдектері, металкескіш білдектерге арналған жабдықтар, пештер,кептіргіш шкафтар, дистилляторлар, электронды аналитикалық өлшеуіштер, қазіргі заманғы сорып шығатыншкафтар.

Павлодар химия-механикалық  колледжі инновациялық режимде жұмыс істейді: оқытушылар үнемі жаңа оқыту әдістерін іздейді.
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation