МАМАНДЫҚТАР ТУРАЛЫ

Мамандық 0819000 – “Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы”

0819000 – “Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы” мамандығы бойынша кәсіптік қызмет нысаны: 

0819073 – Техник-технолог. 

Техник-технологтың кәсіптік қызметінің объектілері:

– мұнайға, газға және мұнай өнімдеріне әртүрлі күрделі анализдерді жүргізу және мұнай және газ өңдеу заводтары қондырғыларының технологиялық процестері;

0819023 – Технологиялық қондырғы операторы 

Технологиялық қондырғы операторының кәсіптік қызметінің объектісі:

– мұнайды, газды және мұнай өнімдерін дайындау және өңдеу қондырғыларының технологиялық процесі;

0819022 – Сорап қондырғысы машинисі 

Сорап қондырғысы машинисінің кәсіптік қызметінің объектісі:

– мұнайды, газды және мұнай өнімдерін дайындау және өңдеудің сорап технологиялық қондырғыларына қызмет көрсету процесі;

0819000 – “Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы” мамандығы бойынша маманның  кәсіптік қызметінің түрлері 

 0819073 – Техник-технолог:

– газ, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуге дайындаудың технологиялық қондырғысына қызмет көрсетеді, процестің технологиялық параметрлерін бақылайды және реттейді, технологиялық жабдықтарды апатсыз пайдалану бригадасы жұмысын ұйымдастырады, шикізаттың, қосымша материалдың және реагенттің үнемді жұмсалуын, шикізат пен соңғы өнімің сапасын бақылайды;

0819023 – Технологиялық қондырғы операторы 

– мұнай және газ өңдеу және химиялық завод қондырғының технологиялық жабдықтарына қызмет көрсетеді, жабдықтар жұмысының технологиялық режим нормаларын бақылайды және реттейді, технологиялық жабдықтарды қалыпты технологиялық режим нормасына шығарып, іске қосады, қондырғыда шикізаттың, қосымша материалдың және реагенттің жұмсалу есебін жүргізеді;

0819022 – Сорап қондырғысы машинисі 

– мұнай мен мұнай өнімдерін өңдейтін сорабына қызмет етеді, сораптың жұмыс режимін бақылайды және реттейді, сорапты ағымдығы жөндеуден өткізеді, күрделі емес электр техникалық жұмыстарды орындайды.

Мамандық 0816000 “Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)” 

0816000 “Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)” мамандығы бойынша кәсіптік қызмет нысаны: 

0816043 – Техник – технолог

– минералды және органикалық шикізатты дайындау мен қайта өңдеу үшін, белгіленген құрамнан химиялық заттарды алудың техникалық процестері мен ғылыми-зерттеу жобалары;

081632 – Аппаратшы 

– минералды және органикалық шикізатты дайындау мен қайта өңдеудің, бегіленген құрамнан химиялық заттарды алудың технологиялық процестері;

0816022 – Химиялық талдау зертханашысы

– минералды және органикалық шикізатты дайындау мен қайта өңдедерін, дайын өнімдерді химиялық талдау;

– белгіленген құрамдағы заттардың синтезі;

 Кәсіптік қызмет пәндері: 

0816043 – Техник – технолог

– шикізат, қосымша материалдар, химиялық қайта өңдеу өнімдері, химиялық реактивтер мен регенттер, бақылау – өлшеу аспаптары, ғылыми – зерттеу аспаптары мен жабдықтар;

– химиялық өндірістің технологиялық жабдықтары, технологиялық регламент, жобалық – конструкторлық, технологиялық құжаттар, МС-тар, ТЖ, анықтамалық әдебиет;

081632 – Аппаратшы 

– процестер мен аппараттар, химиялық өндірістегі технологиялық жабдықтар, шикізаттар, реагенттер, өнімнің технологиялық процесі, бақылау – өлшеу аспаптар, технологиялық регламент;

0816022 – Химиялық талдау зертханашысы

– органикалық және бейорганикалық шикізаттың, мұнайгаздың, химиялық және металлургиялық өндірістің технологиялық процестерінің жартылай өнімдері мен өнімінің сынамалары;

– химиялық ыдыстар, реактивтер, зертханалық аспаптар мен жабдықтар, стандарттық үлгілер, МС-тер, ТЖ, анықтамалық әдебиет.

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар: 

0816043 – Техник – технолог

КҚ 1. Химия саласы маңызды өнімдерін алу технологиялық процестерінің физико-химиялық негіздерін, шикізат пен өнімдердің сипаттамасын білуі;

КҚ 2. Типті технологиялық жабдықтардың құрылысын, жұмыс істеу принципін, пайдалану ережелерін білу;

КҚ 3. Технологиялық процесті бақылауда техника қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, өнеркәсіптік санитарияны және экологиялық қауіпсіздікті сақтау;

КҚ 4. Өндіріс мәселелерін шешуде өзара тәртіпті білу, қатарлас бейінді мамандықтармен бірлесіп әрекет жасау;

КҚ 5. Технологиялық сұлбаларды оқу және график түрінде, оның ішінде компьютер технологияларын қолдана отырып ресімдеу;

КҚ 6. Нормативтік құқықтық және техникалық құжаттармен: бұйрықтармен, өкімдерімен, МС-мен, технологиялық жабдықтардың техникалық паспорттарымен, анықтамалық әдебиеттермен, технологиялық регламентпен, өндірістік нұсқауларымен жұмыс істеу;

КҚ 7. Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

 081632 – Аппаратшы 

КҚ  1. Шикізаттың, жартылай өнімдер мен дайын өнімнің сипаттамасын білу; негізгі химия өндірістерінің принциптік сызбаларын білу;

КҚ 2 . Технологиялық процестің параметрлерін бақылау және реттеу әдістерін; шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау әдістерін білу;

КҚ 3. Технологиялық процестердің принциптік сызбаларын және аппаратарды, бақылау – өлшеу аспаптарын қолдана отырып, оқу және график түрінде жасау;

КҚ 4. Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

КҚ 5. Технологиялық процесті бақылауда техника қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, өнеркәсіптік санитарияны және экологиялық қауіпсіздікті сақтау;

КҚ 6. Қызмет еткен жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысы туралы есеп беру техникалық құжаттарды жүргізу;

КҚ 7. Өз жұмыс орынын ұйымдастыру, цех зертханаларының міндеті мен түрлерін, өндіріс цехтарының құрылымын білу;

 0816022 – Химиялық талдау зертханашысы

КҚ 1. Жұмыс орнын ұйымдастыру принциптерін, техникалық бақылау бөлімі (ТББ) зетханаларының, өндірістік зертханалардың түрлері мен қолданысын білу;

КҚ 2. Химиялық ыдыстар түрлері мен қолдануын, зертханалық жабдықтар мен аспаптардың электр сызбасын және конструкциясын білуі;

КҚ 3. Негізгі химиялық өндірістер, шикізатының, жартылай өнімдер мен дайын өнімдердің сипаттамасын білуі;

КҚ 4. Талдаудың нәтежелерін өңдеу, оның ішінде график түрінде ресімдеу;

КҚ 5. Жылдам – технологиялық құжаттармен жұмыс жасау;

КҚ 6. Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігірге дейінгі көмек көрсету дағдармарын меңгеру;

КҚ 7. Өндіріс учаскесінде қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитария мен экологиялық қауіпсіздіктің ережелерін және нормаларын сақтау.

Мамандық “Мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу (түлері бойынша)”

Кәсіптік қызметінің объектілері: 

0808033 – Техник – механик 

– мұнай, газ өңдеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету;

–  газды және мұнай өндімдерді, мұнайды өңдеу және дайындау бойынша технологиялық қондырғылардың жабдықтарын жөндеу;

– технологиялық қонондырғылардың жабдықтарын бақылау және жөндеу;

– технологичлық қонондырғылардыңаппараттық механизмдерін және құрастырма бірлігін реттеу және жөндеу

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation