Оқытушы болуды үйренеміз

27.10.2016ж. жас оқытушы мектебінің кезекті жиналысы өтті, колледждегі оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде өтетін сабақтың талаптар бойынша сұрақтары, оқу сабағының құрылым элементтері: әдістер, формалар, ОӘК өңдеу әдістемесі қаралған.
Кәсіптік қалыптастырудың сапасына сәйкес жас оқытушыларға көмек ретінде «Қазіргі заманғы сабақтың талаптары» жадынамалары таратылды.

Электронды оқулықты, оқу құралды құрастыру бойынша тәжірибелік сабақ

26.10.2016 ж. әдістемелік кабинет колледж оқытушыларына электронды оқулықты, оқу құралды құрастыру бойынша тәжірибелік сабақты ұйымдастырды.«Ақпараттық технологиялардың Павлодар облыстық орталығы» КММ «Auto Play Media Studio бағдарламасы бойынша электронды оқулықты, оқу құралды құрастыру» курсын өткен арнайы пәндер оқытушылары Назаренко М.В., Мазурова О.Д. электронды оқулықты, оқу құралды құрастырудың сипаттамасымен, технологиясымен, әзірлеудің негізгі элементтерімен, әдістемелік ұсынымдаымен таныстырды.

«Универсиадаға дейін 100 күн»

Павлодар химия-механикалық колледжінде 2016 жылы 24 қазанда Қазақстан Республикасында «Универсиадаға дейін 10 күн» шарасы аясында Алматы қаласындағы 28-қысқы Дүниежүзілік универсиадаға арналған таңғы жаттығу өтті. Жаттығуды дене шынықтыру оқытушылары өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты жастар спортының имиджін көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау. Жиырма сегізінші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада, еліміздің 25-жылдық тарихындағы ең ірі шара болып табылады. Студенттер 2017 жылғы Қысқы Универсиада логотипімен бағдарламасымен, бойтұмарымен, ұранымен танысты. Бүкіл күнге сергектік, көңіл-күй алды.

«Мені шындаған – Серпін!» байқауы

2016 жылы 24 қазанда «Аламан» күзгі фестивалі аясында «Серпін-2050» жобасы бойынша оқитын студенттер арасында Павлодар технологиялық колледжі негізінде «Мені шындаған – Серпін» номинациясы бойынша шара өткізілді, оған ӨЖТҚКЖ-15-11 тобының оқушылары қатысты. Алғыс хаттармен марапатталды.

«Мамандығым-мақтанышым» студенттер арасында

«Мамандығым-мақтанышым» байқауына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар бизнес колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Красноармейка аграрлы-техникалық колледжі, Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі,Павлодар химия-механикалық колледжінің топтары қатысты, жалпы қатысушылар саны 20 студентті құрады. Байқау қорытындысы бойынша І орын – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, ІІ орын – Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі, ІІІ орын – Красноармейка аграрлы-техникалық колледжі. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Authorization
*
*
Password generation