2018 жылдың 5 наурызында колледждің мәжіліс залында ТНГ-15-9, ТНГ-16-9-2 және ТОРО-15-9-1 тобының қатысуымен «Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: қазақстандық этникалық топтарды, азаматтық және рухани, мәдени қоғамдастықты біріктіру арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.
«Павлодар -өндіріс мекені»
2018 жылғы 2 наурыз күні колледждің мәжіліс залында «Мәңгілік Ел-Индустрияға», «Серпін» бағдарламасы бойынша оқыған «Мұнай, газ өндеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 4-курс студенттерінің қатысуымен «Павлодар -өндіріс мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Алғыс айту күні!
2018 жылдың 1 наурызында колледждің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының алғыс күніне орай «Алтысым шексіз, халқыма» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа мерекесі – Ынтымақтастық күнінің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ патриотизм, бірлік, өзара құрмет, достық, мейірімділік пен өзара түсіністік туралы студенттерді тәрбиелеу.Колледждің ардагерлері Н.Н.Леднева, Л.Н.Садовник, Г.М. Алексеева шақырылды.
«Ел жүрегі – Астана»
28 ақпанда колледждің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегi – Астана» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараның мақсаты – Астананың жаһандық әлемдегі рөлін көрсету.
Іс-шараға «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығының бірінші курс ТНГ-17-9 тобының студенттері және «Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)» мамандығының бірінші курс TНВ-17-9 тобы студенттері қатысты.
Шет тілінде студенттерге арналған конференция
2018 жылдың 23 ақпанында Павлодар педагогикалық колледжінің базасында. Б.Ахметов жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары мен ТИПО ұйымдарының студенттері арасында «Жеке тұлғаның және қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту» V аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.