«Таза табиғат»

Біздің колледжіміздің аумағын абаттандыру айлығы жалғасуда. Бүгін ұжым «Таза табиғат» экологиялық жобасын жүзеге асыруға қатысты. Ағаш отырғызу және аумақты көркейту бойынша науқан ұйымдастырылды. Науқан барысында 37 ағаш отырғызылды: 17 сағызқарағай, 20 мойыл. Мұндай науқандар экологиялық мәдениетті арттырады, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастырады.

Cенбілік!

Сәуір-тазалық пен тәртіпті орнатудың дәстүрлі уақыты. Жылы күндердің басталуымен облыста абаттандыру айы өтуде. Бүгін колледж ұжымы кезекті сенбілікке шықты.
Бірге біз қаланы таза ете аламыз!

​2021 жылдың 11 наурызында

2021 жылдың 11 наурызында колледжге жұмыс сапарымен облыс әкімі А.Б. Скаков келді. Сапар барысында өңір басшысына мұнай-газ өңдеу және химия саласы үшін кадрлар даярлау туралы айтылды. Сондай-ақ, облыс әкімі материалдық-техникалық базамензауытзертханаларына ұқсас заманауи химиялық зертханалармен танысты. Біздің әлеуметтік серіктесіміз «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС салған Технопарктің слесарлық және механикалық шеберханалары ұсынылды. Сонымен қатар, колледж басшысы Г.Қ. Аманжолова колледжді дамыту перспективалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде бизнес есебінен іске асырылатын пластиктен жасалған бұйымдарды өндірудің толық циклі бар Ресурстық орталықты іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.Айта кету керек, колледж «Жас маман» жобасының қатысушысы болып табылады, оның аясында өнеркәсіптік жабдықтың слесарь-жөндеушілерін дайындау үшін жөндеу-механикалық цехын құру жоспарлануда.

Online Case study “Solve the case”

Сіздерді механикалық пәндер апталығы аясында Механикалық және Технологиялық бөлімнің 2 курс топтары арасында өткізілетін Online Case study “Solve the case” іс-шарасына қатысуға шақырамыз.
Өткізу күні: 24.02.2021 ж, ZOOM платформасында.
Барлық қатысушыларды қатысу үшін жағымды бонустар, ал жеңімпаздарды ерекше сыйлықтар күтеді.
Команданы жина және сендер ең мықты екенің дәлелдендер!

Адалдық сағаты: сұлтанмахмұт торайғыровтың әділдік философиясы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы» тақырыбында кезекті адалдық сағаты өткізілді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен еліне қызмет етуге арнаған.
Сұлтанмахмұт поэзиясы – ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Ақын өзінің саналы, саяси, жазушылық өмірін:
«Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын, не көрсем де осы жолда
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табамын деп, көңілім сонда», – деп жырлап, өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді: өзінің халқына өнер, білімнің шыңына шығу арқылы еркіндік, бақыт іздеді.
Ақынның бел шешіп жазу ісімен айналысқан кездері қазақ халқының тарихында өте бір ауыр жылдар еді. Ол мәдениеті озық, экономикасы дамыған елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалықтың жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгінгі жастарға оқу міндет, бар қиындықты тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ой тастап:
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?», – деп жазды.
Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».
Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.
Бейнеролик С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті қолдауымен жасалды.
Бейне-дәріске сілтеме: https://youtu.be/VF3wuITxb6s
Authorization
*
*
Password generation