Назар аударыңыздар!!!
Біз мамандарды ең өзекті сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындаймыз
Біз мамандарды ең өзекті сұранысқа ие мамандықтар бойынша дайындаймыз – бұл факт дегенмен, біз әрқашан жаңа идеялар мен жаңа бағыттарға ашықпыз. Мысалы, біздің өңір үшін жаңа кәсіптер атласында колледж өзіне екі перспективалы бағытты таңдады: жабдықтың сенімділігі жөніндегі менеджер және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі технолог. Жаңа мамандықтар біз студенттерді қазір оқытумен тығыз байланысты және сонымен бірге өнеркәсіптік аймақтың болашақ қажеттіліктерін ескереді. Қаңтар айында біздің 14 педагог әлеуметтік серіктестер кәсіпорындарында осы біліктіліктер бойынша тағылымдамадан өтті: “Павлодар мұнай-химия зауыты” ЖШС және “Қазақстан алюминийі” АҚ, енді біз осы траекторияларды оқу процесіне белсенді енгізудеміз.
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды өнімдері
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар:
«abai.institute» – бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба.
«tilqural.kz» – қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис.
«tilmedia.kz» – қазақ тілін қызықты әрі тиімді түрде үйренуге мүмкіндік беретін үш тілді сайт
«balatili.kz» – сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға арналады
Тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған сайттар:
«emle.kz» – сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды
«termincom.kz» – сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу мақсатында құрылды.
«sozdikqor.kz» – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформасы.
«qazcorpora.kz» – қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы.
Қосымша ресурстар:
«qujat.kz» – құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.
«qazlatyn.kz» – еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық порталы.
«atau.kz» – ономастикалық атаулар жинақталған сайт.
«tilalemi.kz» – тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған порталы.
Колледж студенттерінің превенция басқармасының бас маманымен және жастар қатарындағы спикермен кездесуі
27 сәуірде колледж студенттері превенция басқармасының бас маманы Саримов Рустам және жастар арасынан шыққан спикер Қайырбек Бауыржанмен кездесті.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген тұжырымдамасы таныстырылып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі құралдары талқыланды. Спикерлер парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу қағидатты маңызды рөл атқаратынына ерекше назар аударды.
Семинар қорытындысы бойынша студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы еске салуға шақырды.
Хабарландыру!
«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қамқоршылық кеңестің құрамы қамқоршылық кеңес өкілдігіне үміткердің жазылған келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; коммерциялық емес ұйым өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін төменде берілген байланыс мәліметтері бойынша жүгіну қажет: 8 (718) 2 55 58 80, 8 (705) 481 30 26
Қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 2-15 ақпан.