День ТИПО

📆2025 жылғы 23 қыркүйектен 2 қазанға дейінеліміздің колледждерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнінеарналған республикалық марафон өтеді. Ауқымдыіс-шара студенттерді, педагогтарды, еңбекардагерлерін және әлеуметтік серіктестерді біріктіреді.
💡Марафонның негізгі мақсаты-техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесініңбірыңғай миссиясы мен құндылықтарын нығайту, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және олардыңэкономика мен қоғамды дамытудағы негізгі рөлінкөрсету.
🎥Бүгін колледж студенттері Республикалықмарафонның басталуына қосылып, техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай музыкалық шығармажасады.
📌Он күн ішінде колледжде челлендждер, шеберліксыныптары, шығармашылық және спорттық жобалар, кәсіптік бағдарлау іс-шаралары және тағы басқаларөтеді.

📆С 23 сентября по 2 октября 2025 года в колледжах страны пройдёт республиканский марафон, посвящённый Дню работников технического и профессионального, послесреднего образования. Масштабное мероприятие объединяет студентов, педагогов, ветеранов труда и социальных партнеров.
💡Основная цель марафона – укрепление единой миссии и ценностей системы технического и профессионального, послесреднего образования, повышение престижа рабочих профессий и демонстрация их ключевой роли в развитии экономики и общества.
🎥И, сегодня студенты колледжа присоединились к началу республиканского марафона, создали музыкальное произведение в честь Дня работников технического и профессионального, послесреднегообразования.
📌В течение десяти дней в колледже пройдут челленджи, мастер-классы, творческие и спортивные проекты, профориентационные мероприятия и многое другое.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КГКП «ПХМК» (@pavhmk)

Асық ату

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КГКП «ПХМК» (@pavhmk)

19 қыркүйек күні Павлодар химия-механикалық колледжінің спорт залында Асық ату бойынша ашық турнир өтті.
Жарыстың құрметті қонағы және төрешісі – Павлодар облыстық федерациясының атқарушы директоры, 2024 жылғы Әлем кубогының иегері, 2023 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері, Еуразия кубогының қола жүлдегері, ұлттық құрама мүшесі, сондай-ақ V Көшпенділер ойындарының қатысушысы Кизат Саят Кизатұлы болды.

Қызу тартыс нәтижесінде турнир чемпионы атанған – ХТП 25-9 тобының 1-курс студенті Смаилов Мирхат.
Күміс жүлдеге – ТНГ 23-9-1 қ тобының студенті Рыскельдинов Диас ие болды.
Жүлделі үшінші орынды – ТНГ 25-9-3 тобының 1-курс студенті Бейсенов Ринат қанжығасына байлады.
Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

19 сентября в спортивном зале Павлодарского химико-механического колледжа прошёл открытый турнир по Асық ату. Почётным гостем и судьёй соревнований стал Кизат Саят Кизатұлы, исполнительный директор областной федерации Павлодарской области, обладатель Кубка мира 2024 года, серебряный призёр Кубка мира 2023 года,бронзовый призёр Кубка Евразии,член национальной сборной по Асық ату ,а так же участник V Игр кочевников.В упорной борьбе чемпионом турнира стал студент первого курса группы ХТП 25-9 Смаилов Мирхат, серебряным призёром – Рыскельдинов Диас,студент группыы ТНГ 23-9-1 к. Замкнул тройку победителей студент первого курса группы ТНГ 25-9-3-Бейсенов Ринат. Поздравляем победителей турнира и желаем новых побед.

Тілдері күні

Telegram-Bot Egov.kz

БОС ОРЫНДАР

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының білім беру басқармасының

«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК

 Павлодар қ., Торайғыров к.,70, 55-52-66, e-mail: pavhmk@mail.kz.

Бос лауазымдарға

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

«МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша (мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын топтарда) АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ – 4,0 бірлік.

«ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНДІРІС» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ – 0,5 бірлік.

«ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ – 3,0 бірлік.

— «ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» мұнай-химия саласының білім беру бағдарламасы бойынша АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ (декреттік демалыс кезеңіне уақытша бос орын, 3 жыл) – 2,0 бірлік.

– «ГЕОГРАФИЯ» ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ – 0,5 бірлік.

– «ИНФОРМАТИКА», «ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ», «ҚОЛДАНБАЛЫ ИНФОРМАТИКА» ПӘНДЕРІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ (декреттік демалыс кезеңіне уақытша бос орын,  3 жыл) – 2,1 бірлік.

Оқытушының еңбекақысы:

– өтіліне және біліктілік санатына сәйкес төленеді;

– жоғары білім, тарифтік бірлік (min): 155734 теңге.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 22.07. бастап 2025 ж. 30.07.

Конкурстық комиссияның отырысы 2025 жылғы 5 тамызда сағ 10.00-де өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелді);

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса). Ескертпе: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша кемінде екі жыл өндірісте жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.

12) кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер мен дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.

Лауазымдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;
  • әдістеме оқытудың ең тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
  • білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
  • оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

– тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

– немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда мамандық бойынша жұмыс өтілі: модератор-педагог үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог зерттеуші кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін 5 жыл.

Authorization
*
*
Password generation