Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу аясында «Халықтар достығы – рухани байлығымыз» атты колледж ішілік пікірсайыс турнирі өтті. Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасып, өз ұстанымдарын қорғады. Өз көзқарасын қорғау, дәлел келтіру дағдыларын меңгерді. Қатысушылар ойынға құмар болып, қарсыластарының ойын мұқият тыңдады.ЭТОМ 21-9 тобының студенті Жүсіпов Рустам және ХТП 21-9 тобының студенті Бегімбетов Ильяс ерекше өнер көрсетті.
“Жаңа Қазақстан біздің қолымызда”
26.04.2022 жылы колледж оқушылары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған Павлодар қаласының Достық үйінде облыс әкімі А.Б. Скаковтың қатысуымен “Жаңа Қазақстан біздің қолымызда” атты диалог алаңына қатысты. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті.
Колледж студенттері превенция басқармасының бас маманыменкездесу
27 сәуірде колледж студенттері превенция басқармасының бас маманы Саримов Рустам және жастар арасынан шыққан спикер Қайырбек Бауыржанмен кездесті.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген тұжырымдамасы таныстырылып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі құралдары талқыланды. Спикерлер парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу қағидатты маңызды рөл атқаратынына ерекше назар аударды.
Семинар қорытындысы бойынша студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы еске салуға шақырды.
Павлодар қалалық сотының судьяларымен кездесу
Акт залында Павлодар қалалық сотының судьялары Абенова Айжан Чаймардановна, Машанова Жанна Жамбуловна, Жаксаликова Гульмира Абдушукировнамен кездесу өтті. Неке шартын жасаудың құқықтық аспектілері, ажырасу жағдайында кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін анықтау, мұраны қабылдау шарттары, элементтерді өндіріп алу, отбасылық қатынастардың медиациясы және отбасы мен отбасылық қатынастарға қатысты басқа да көптеген құқықтық мәселелер түсіндірілді. Сұрақтарына жауап берді. Студенттер қонақтарға танымдық сұхбаттары үшін алғыстарын білдірді.