Өндірілетін өнімнің түрлері |
мұнай-газ құбыры, корпус, сорғы-компрессор, қазандық құбырлары, муфталар, ферроқорытпалар, арматура және т. б. |
|
“KSP Steel” ЖШС —мұнай-газ саласы үшін жіксіз болат құбырлар шығаратын алғашқы Қазақстандық кәсіпорын. 2007 жылдың басында құрылған.
Компанияның өндірістік орталығы Павлодарда орналасқан, онда 2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен KSP Steel зауытының ресми ашылуы өтті. Кәсіпорынның өндірістік объектілері орналасқан жалпы ауданы шамамен 133 га құрайды, мұнда 7500-ден астам кәсіби дайындалған мамандар жұмыс істейді.
KSP Steel негізгі қызметі әртүрлі диаметрлі және мақсаттағы болат жіксіз құбырларды өндірумен байланысты. Өнім құбырларды салу кезінде, мұнай өндіру және геологиялық барлау компанияларының, Қазақстанның машина жасау және өнеркәсіп кәсіпорындарының объектілерінде пайдаланылады, сондай-ақ ТМД елдеріне (Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан) және алыс шет елдердің, оның ішінде АҚШ мемлекеттеріне экспортталады.
Мамандықтары: металлургтер, механиктер, жөндеушілер, химиялық талдау лаборанттары, механиктер, инженерлер және т.б. |