JuniorSkills Pavlodar-2025

2025 жылғы 7 сәуірде Павлодар химия-механика колледжінде «Лабораториялық химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша JuniorSkills Pavlodar-2025 аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Павлодар қаласындағы алты мектептің 9-сынып оқушылары қатысты, олардың қатарында №9 ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, С. Торайғыров атындағы ЖОМ КММ, №6 ЖОМ, №41 ЖОМ және №36 ЖОМ бар. Байқау қарсаңында қатысушыларға арналған таныстыру сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға зертханадағы қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері, зертханалық ыдыстармен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеу әдістері түсіндірілді.

Чемпионат аясында сарапшылар қатысушылардың өлшеуіш ыдыстармен жұмыс істеу шеберлігіне, ерітінділердің концентрациясын анықтай білуіне, индикаторлармен жұмыс жүргізу дағдыларына баға берді. Оқушыларға нағыз химиялық талдау зертханашылары ретінде өз кәсіби қабілеттерін көрсетуге тамаша мүмкіндік берілді.

JuniorSkills Pavlodar-2025 чемпионатының нәтижелері:

1 орын – №6 ЖОМ оқушысы Бейсенов Ринат;

2 орын – С. Торайғыров ат. ЖОМ КММ оқушысы Рахметова Сабина;

3 орын – №41 ЖОМ оқушысы Степурский Тимур;

«Үздік маман» номинациясы бойынша №36 ЖОМ оқушысы Баланюк Ксения марапатталды.

Барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары мен дипломдар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Authorization
*
*
Password generation