Junior Skills – 2025

Павлодар химия-механикалық колледжінде «WorldSkills-2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты аясында қаланың мектеп оқушылары арасында «Слесарлық іс» құзыреттілігі бойынша «Junior Skills – 2025» байқауы өтті. Бұл байқау жұмысшы мамандықтарын дамытуға және жас ұрпақты нағыз шеберлікке баулуға бағытталған.

Балалар жұмысшы мамандықтарының негіздерін меңгерді. Бүгін қатысушылар жіңішке металл табақтардан арнайы кілт жасады. Олар верстакта, бұрғылау станогында қызығушылықпен жұмыс істеп, слесарь құралдарын пайдаланды. Бұл жай ғана жарыс емес — бұл болашаққа қосқан үлес!

Қатысушылар мен тәлімгерлерге кәсіби білімді насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!

«JuniorSkills-2025» чемпионатының нәтижелері:

1-орын – №35 ЖОМ оқушысы Д.С. Жанабай;

2-орын – №5 ЖОМ оқушысы К.К. Крупинский;

3-орын – Ә.Бокейхан ат. мектеп-лицей оқушысы Б.Т. Жобай;

«Үздік маман» номинациясы бойынша – №15 ЖОМ оқушысы А.А. Ротарь марапатталды.

Барлық қатысушыларға дипломдар және қатысқаны үшін сертификаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Authorization
*
*
Password generation