2018 жылы 16 мамырда Екібастүз қаласында Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен Инновациялық Евразия университетінің Екібастүз колледжінде “Эврика” II-ші Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті. Сол конференцияға Павлодар химия-механикалық колледжінің МГӨТ-15-9-1 тобының оқушысы Александра Александровна Литвина қатысты.
Конференцияда Александра Литвина арнайы пәнінің оқытушысы
М.В. Назаренкомен бірлесе отырып жүргізген зерттеу жұмысы «έ-аминокапроликалық қышқылдың тұрақтылығына температура мен pH ортаның әсерін зерттеу» нәтижесімен қазылар алдына шықты.
Александра Литвина 1 дәрежелі дипломмен және қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.