“Harizma” жастар театр студиясы

“Harizma”жастар театр студиясының актерлерімен кездесу
28 наурызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Естай атындағы мәдениет сарайының “Harizma” жастар театр студиясының актерлерімен Халықаралық театр күніне арналған кездесу өтті. Жастар театрының жетекшісі Салия Кішкенбаева көрермендер үшін актерлік шеберлік тренингін өткізді. Колледж студенттері мастер-класқа белсенді қатысып, өздерін актер ретінде сынап көрді. Бұл тренингтің артықшылығы мынада: адам көпшілік алдында өзін еркін ұстауды, өз ойын дұрыс айтуды және сенімді болуды үйренеді, мұндай тренингтер адамның ашылуына көмектеседі. Қонақтар махаббат, адамгершілік тәрбие, жастар арасындағы қорқыту мәселелері тақырыбындағы монологтарды оқып, ұмытылмас әсер қалдырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Authorization
*
*
Password generation