Стритбол – бұл баскетболдың өзіндік бір түрі. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары АҚШ пайда болған. Оқытушылар арасындағы спартакиада бағдарламасы аясында 2019 жылдың 13 сәуірінде Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде стритболдан турнир өтті, нәтижесінде ПХМК 2 орынды иеленді. Турнир қорытындысы: 1 орын – Бизнес колледжі 2 орын – ПХМК 3 орын – ППК
Category: Жаңалықтар
Тоғызқұмалақ!
Тоғызқұмалақ – бұл логикалық ойлау қабілетті дамытатын тапқырлық пен зеректілікке бейімделген үстел ойыны. 2019 жылдың 30 наурызында «Шахматтар үйінде» Павлодар қаласы колледждері оқытушыларының спартакиадасы аясында тоғызқұмалақтан турнир өтті. Аталмыш турнирге Павлодар қаласының 7 колледжі қатысты, қорытынды бойынша Умбетбек Райсбек 2 орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
«Жыл басы – қасиетті наурыз мейрамы құтты болсын»
2019 жылдың 20 наурызында ПХМК-да жалпы колледж аралық мерекелік іс-шаралар өтті. «Жыл басы – қасиетті наурыз мейрамы құтты болсын» атты мерекелік іс-шарасына 1-2 курс студенттері қатысты. Бұл мерекеде, әділ қазылар студенттер жайған дастарханнан наурыз көженің дәмін татып, бағаларын берді. Сонымен қатар студенттер арқан тарту ойындарына қатысып, ұтыс латореясы мен флеш-моб өткізді. Бұл күні әділ қазылар …