Category: Жаңалықтар
Талдау және дамыту орталығының өкілдерімен кездесу өтті
12 қараша күні Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында 1-ші курс студенттерінің конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары соңғы жылдары жастардың экстремистік және террористік әрекеттерге қатысу мәселесі өзекті бола бастағанын атап өтті. Семинарға қатысушыларға сенім телефонының жұмысы туралы айтылып, әдістемелік әдебиеттер таратылып, тақырыптық фильмдер көрсетілді.
«Сенің дағдыларың – сенің болашағың!»
2019 жылдың 11 қарашасында Павлодар облысының үздік студенттері мен тәлімгерлері жыл сайынғы «WorldSkills – 2019» халықаралық қозғалысына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келді, оның мақсаты жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру және шеберлік дағдыларын дамыту. Биыл ұлттық чемпионатқа «Химиялық талдау зертханашысы» біліктілігі алғаш рет енгізілді. Павлодар облысынан Павлодар химия-механикалық колледжінің студенті – 2019 жылдың аймақтық іріктеу турының жеңімпазы …
“ҚР Мемлекеттік рәміздері”
2019 жылы 5 қарашада ПХМК-да “Менің Туым, Менің Отаным“патриоттық акциясы аясында “ҚР Мемлекеттік рәміздері”тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Мемлекеттік Туды көпшілікке тарату, білімалушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу жәнеазаматтардың Мемлекеттік Туын пайдалануға тыйым салу туралы стереотипті жою. Іс-шараға 2 курс студенттері қатысты. .













