Жалпы білім беретін пәндер ЦӘК апталығы аясында колледж қабырғасында 1 курс студенттері арасында «Құқықтық мемлекет» тақырыбында дебат өткізілді. Ойындар өте тартысты өтті, студенттер жақсы әңгімелесу дағдыларын, заманауи әлемнің өзекті мәселелерін жақсы білетіндіктерін көрсетті. Қорытынды бойынша ТНГ 22-9-2 тобы жеңімпаз атанса, екінші орынды 22-9-1 ТНГ командасы, үшінші орынды ЭТОМ 22-9-1 командасы иеленді. Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!
Category: Жаңалықтар
“Саналы ұрпақ”
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыс болашақ түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуы тиіс. “Саналы ұрпақ” колледжінің студенттік клубының мүшелері: Бегимбетов Ілияс, Степанов Михаил, Чупров Никита, Шакуов Карим, Туналиев Мирас 31 наурызда Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі базасында өткен өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі кәсіп өкілдерімен кездесуге қатысты. Спикерлер …
«Өз ойыным»
Жалпы білім беретін пәндер ЦӘК апталығы аясында 1 курс білім алушыларына «Өз ойыным» зияткерлік турнирі өткізілді.Үш команда «Уран» (ТНГ 22-9-1 тобы), «Алмаз» (ТНГ 22-9-2 тобы), «Спирттер (ЛТ22-9 тобы)» химия білімінде жарысты. Әр кезеңдегі командалардың белсенділігі жоғары болды. Ойынның басында командалар өздерін таныстырып, кейін дене шынықтыру жаттығулары өтті. . Көп деңгейлі тапсырмалар бірінен соң бірі ауыстырылды.Ойлау …
“Harizma” жастар театр студиясы
“Harizma”жастар театр студиясының актерлерімен кездесу 28 наурызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Естай атындағы мәдениет сарайының “Harizma” жастар театр студиясының актерлерімен Халықаралық театр күніне арналған кездесу өтті. Жастар театрының жетекшісі Салия Кішкенбаева көрермендер үшін актерлік шеберлік тренингін өткізді. Колледж студенттері мастер-класқа белсенді қатысып, өздерін актер ретінде сынап көрді. Бұл тренингтің артықшылығы мынада: адам көпшілік алдында …