Жоғарғы артериялдық қысым немесе артериялық гипертензия жүрек-қан тамырлары жүйесінде ең кең тараған аурулардың бірі.Ересек тұрғындардың 20-30% артериялық гипертониямен зардап шегетіндері анықталған. 65 жастан асқан тұлғаларда жас ұлғайған сайын аурудың таралуы артады және 50-65 % жетеді.
Артериялық гипертонияның дамуына мұндай көп таралған тәуекел факторлар: тамақ құрамында артық тұз бен май санының болуы, рационда жемістер мен көкөністердің болмауы, алкогольді шамадан тыс пайдалану, төмен физикалық белсенділік, семіздік әсер етеді.
Гипертонияны «тыныш өлім» деп атайды,себебі ауру ешбір симптомсыз өтеді. Анықталғандай көптеген адамдар, жоғарғы қан қысымы туралы,яғни өзінің ауруы туралы білмейді. ДДСҰ бағалауы бойынша ересек адамдардың әлемінде гипертония дамиды және ол жыл сайынғы 9 млн өлімнің себебі болып табылады. Жыл сайын 70дейінгі жаста 16 млн адам, мезгілінен бұрын оның ішінде жүрек,өкпе, инсульт,қант диабеті ауруларынан қайтыс болатынын анықталған. Мезгілсіз өлімнің 80% мінез-құлықтық қауіп факторларын бақылау арқылы ескертуге болады, олар: темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, артық дене салмағы..
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес 120/80 мм шегіндегі қысым оңтайлы болып табылады. Тұрақты артериялық қысымның 140/90 мм. және одан жоғары болуы үрейлі симптом, ондай жағдайда дәрігерге көріну қажет.
Гипертония белгілері жиі бас ауруларымен сүйемелденеді немесе қалыпты күйзеліс белгілеріне ұқсайды және оған ешкім көңіл бөлмейді. Гипертония өмірге аса қауіпті асқынулармен қауіпті( жүйке инсульті,миокард инфаркті, жүрек жетіспеушілігі), жад төмендеуіне, көрудің нашарлауына және бүйрек жеткіліксіздігіне дейін әкеп соғуы мүмкін.
Инфекциялық емес аурулардың таралуын алдын алу мақсатында, ДДСҰ 2013-2020 жылдарға арналған НИЗ алдын алу және онымен күрес бойынша жахандық іс-қимыл жоспары қабылдады. Қан қысымының шоғырлануымен сипатталатын 100 мың халыққа қарсы 2013 жылы 1172,5 жағдайларда, ҚР агенттіктерінің деректері бойынша 2014 жылы аурудың 1181,8 тіркелген.Гипертонияны бақылау және алдын алу- барлық мүдделі тараптардың оның ішінде үкімет,азаматтық қоғам, ғылыми қоғамдастық және барлық деңгейдегі жұмыс берушілердің қатысуын талап етеді.
Артериялық гипертония туралы халықтың жеткіліксіз ақпараттануы осы ауруды дұрыс бағаламауа, елеулі асқынуларды алдын-алуға болатын кезде,уақытылы дәрігерлерге көмекке жүгінбеуге әкеледі. Проблемаларды шешуге қоғам назарын аудару, артериялық гипертониямен байланысты артериялық гипертонияның асқынуы болып табылады, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алу шараларын бір уақытта жүргізуге мүмкін береді,неіліктен қан қысымы өте қауіпті ауру және онымен күресу үшін қандай шаралар қолдану қажет екендігін адамар білуі тиіс.
Артериялық гипертанияны емдеу, диагностика және алдын-алу шаралары туралы халықтың ақпараттануын арттыру мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын мамыр айының екінші сенбісінде бүкіл әлемде және Қазақстан Республикасында бүкіләлемдік артериялық гипертониямен күрес күні.
Қазақстанда Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының бастамасымен 2008 жылдан бастап атап өтіледі.
Гипертония ауруынан сәтті емдеу көбіне дәрігер мен дәрілік препраттардан ғана емес, сонымен қатар өзінің денсаулығына деген жеке қарым- қатынасына байланысты. Аурудың алдын-алу үшін әрбір адам үнемі артериялық қан қысымының деңгейін бақылап, салауатты өмір салтын ұстанып, көкөністер мен жемістер көп жеп, майлы мен тұздыны аз мөлшерде қолданып, спірт сусындарынан аулақ болуы тиіс. Артериялық гипертонияны алдын-алудың маңызды бөлігі ол скринингтік профилактикалық тексеруден өту, оның көлеміне қауіп-қатер факторын бағалау, міндетті түрде артериялық қысымды өлшеу және зертханалық зерттеулер жүргізу жатады.
Дүниежүлік гипертаниямен күрес күні – дәл қазір өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау үшін жақсы себеп . Бүгін алғашқы қадам жасап,өз қан қысымыңызды біліңіз.