Азаматтық қорғанысының бірыңғай белгісі

8 ақпан күні сағат 12.55-те Павлодар облысының ТЖ департаменті облыстық орталықтандырылған құлақтандыру жүйесінің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді.

«Баршаныздың назарына!» атты дабыл – сиреналар және өзге де дабыл құралдары арқылы берілетін Азаматтық қорғанысының бірыңғай белгісі. Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен тәртіп ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті…»

Радиохабар тарату, теледидар, хабарлаудың жылжымалы құралдары арқылы сөйлем ақпаратты беру, хабарлаудың негізгі әдісі болып табылады. Назар аудару үшін, сөйлем ақпарат беру алдында сиреналар, өндірістік гуіл және өзге де дабыл беру құралдары қосылады, сонымен «БАРШАҢЫЗДЫҢ НАЗАРЫНА!» атты ескерту дабылының қосылғанын білдіреді, сол дабыл бойынша тұрғындар, шұғыл хабарламаны тыңдау үшін, радио- және теледидар қосып, хабар таратудың жергілікті арнасына келтіруге ресми органдарының талаптарын орындауға міндетті.

Егер, дабыл беру кезінде, Сіз жұмыс орында болсаңыз:

• Жұмысты тоқтату, жабдықты өшіру.
• Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау.
• Алған хабарламаға сәйкес, басшылардың нұсқауы бойынша әрекет жасау.

Егер, дабыл беру кезінде, Сіз үйде болсаңыз:

• Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау.
• Алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау. Көршілерге хабарлау.

Егер, дабыл беру кезінде, Сіз көшеде болсаңыз:

• Дауыстап сөйлейтін немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдау.
• Алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау.

Азаматтық қорғаныстың дабылы бойынша жедел, абыржымай және үрейсіз әрекет етуді, есте сақтаңыз. Қауіп төніп тұрған кезде әр минутыңыз қымбат.

Authorization
*
*
Password generation