JuniorSkills Pavlodar-2023

30 наурызда Павлодар химия-механикалық колледжінде “Зертханалық химиялық талдау” құзыреттілігі бойынша JuniorSkills Pavlodar-2023 екінші өңірлік чемпионаты өткізілді, оған Павлодар қаласы мектептерінің 7 сынып оқушылары қатысты. Байқауға бір күн қалғанда балалармен таныстыру сабағы өткізіліп, оқушыларға зертханада жұмыс істеудің негізгі қауіпсіздік ережелері айтылды. Чемпионат кезінде әр қатысушы үш тапсырма модулін орындады, онда балалар ерітінділерді титрлеуді, тамшуырмен және зертханалық ыдыстармен дұрыс және жылдам жұмыс істеуді үйренді,сонымен қатар катализатордың қалай жұмыс істейтінін білді. Чемпионат нәтижелері бойынша: 1 орынды Павлодар қаласы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №28 жалпы білім беретін орта мектебі КММ 7 сынып оқушысы-Миглина Мария иеленді; 2 орын – Павлодар қаласының №36 жалпы орта білім беретін мектебі КММ 7 сынып оқушысы-Каримова Жасмин; 3 орын – №11 жалпы орта білім беру мектебі КММ 7 сынып оқушысы-Типалова Дарья; “Үздік маман” номинациясымен Павлодар қаласының №41 жалпы орта білім беретін мектебі КММ 7 сынып оқушысы-Воробьев Руслан марапатталды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен қатысқаны үшін сертификаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді. Қатысушыларды дайындағаны және ынтымақтастығы үшін мектеп мұғалімдеріне алғыс айта отырып, «JuniorSkills Pavlodar» чемпионаты жақсы дәстүрге айналады және мектеп оқушыларын ерте кәсіптік бағдарлауда және облысымыздың жастары арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауда тамаша көмек болады деп сенеміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Authorization
*
*
Password generation