Басшы | Тимошов Олег Евгеньевич |
Құрылған жылы | 2005 ж. |
Мекенжай | 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.,
Химкомбинатовская көшесі, 4 |
Байланыс | Анықтамалық: 7182 61-10-88, Факс: (7182) 61-10-85 Эл.пошта: cans@nephtechim.kz |
Қызмет саласы | Мұнай-химия өнеркәсібі |
Өндірілетін өнімнің түрлері | МТБЭ (метил-терт-бутил-эфир) және полипропилен өндірісі |
“Компания Нефтехим LTD” ЖШС – Қазақстандағы МТБЭ (метил-терт-бутил-эфир) және полипропилен өндіретін жалғыз кәсіпорын. Республикада тәуелсіздік жылдары салынған алғашқы мұнай-химия зауыты Қазақстанның табысты серпінді жобаларының бірі болды.
Компания экспортқа бағдарланған және өз өнімдерін Ресейге, Түркияға, Украинаға, Қытайға және Батыс Еуропаға жеткізеді. Шикізат бағытынан кету мақсатында “Компания Нефтехим LTD” ЖШС өндірілген полипропиленді одан түпкілікті полимер бұйымын дайындағанға дейін кезең-кезеңімен толық өңдеуді жоспарлап отыр. Кәсіпорынның шикізаты “ПМХЗ” ЖШС мұнайды крекинг процесінде алынатын мұнай газдары болып табылады. Компанияның полипропилен және МТБЭ өндірістік көлемі Қазақстанның осы өнімдерге деген қажеттілігін 100% – ға жабады. Зауыттың жобалық қуаттылығы – жылына 20 мың тонна МТБЕ, 35 мың тонна пропилен, 30 мың тонна полипропилен. Компания жабық өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Мамандықтары: технологиялық қондырғылардың операторлары, техник-технологтар, химиялық талдау зертханашылары, электромонтер, аспапшы ТПБ автоматтандырылған жүйесі, механиктер, инженерлер және т. б. |