«Кітаптарды махаббатпен сыйла»

8-25 ақпан аралығында біздің колледжде халықаралық Кітап сыйлау күніне орайластырылған «Кітаптарды махаббатпен сыйла» акциясы өтті, оған колледж студенттері де, педагогтары да қатысты. Барлығы 100-ден астам кітап жиналды: детективтер, романдар, поэзия, классиктердің ең жақсы шығармалары – кез-келген талғамға арналған әдебиет. Бұл кітаптар Павлодар облысының хосписіне сыйға тартылды және әр кітап өз оқырманын табады деп үміттенеміз.
Кітапты сыйлаған әрбір адамға мейірімділік пен ықылас үшін алғыс айтамыз! Көбірек кітап оқиық! Бір-бірімізге кітап сыйлайық! Өйткені, «Кітаптар – ең тыныш және ең тұрақты достар, олар қолжетімді және ең ақылды кеңесшілер және ең шыдамды ұстаздар».
Authorization
*
*
Password generation