«WorldSkills қозғалыс шекарасын кеңейту: кәсіптік білімге жаңа көзқарас» форсайт-сессиясы өтті, оның модераторы біздің колледж болды.
Форсайт-сессия шеңберінде WorldSkills стандарттарын ескере отырып, білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шара «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК жанындағы «Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің «Талап» КЕАҚ қолдауымен өтті.
Форсайт-сессияға WorldSkills «Зертханалық химиялық талдау» құзыреті бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты, оның ішінде «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Степногорск қаласының жоғары колледжі» КММ, «APEC PetroTechnic Жоғары колледжі» ЖШС.
Форсайт-сессия форматында білім беру процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу бойынша «Зертханалық химиялық талдау» құзыреті бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің өзара ынтымақтастығының стратегиялық бағыттары айқындалды.
Біздің кездесу барысында «Зертханалық химиялық талдау» құзыреті бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын ҚР 25 колледжімен форсайт-сессия туралы келісімге жеткізілді.
@worldskills_pavlodar
@worldskillskazakhstan