«Мамандыққа жол»

2022 ж. 24.02. механикалық пәндер апталығы аясында колледждің акт залында «Мамандыққа жол» атты баспасөз конференциясы өтті, оған «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жөндеу бойынша директордың орынбасары Николай Васильевич Величко қатысты.
Кездесуді бастаған Николай Васильевич кәсіпорынды дамытудың басым бағыттары, зауыттың жұмыс істеуіндегі механиктің рөлі туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерді қажымай еңбек етуге, нақты мақсаттар қоюға және оларға қол жеткізу үшін барлығын жасауға шақырды.
«Мұнай-газ өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету», «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандықтарының механикалық бөлімшенің білім алушылары интерактивті форматта өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, мысалы:
– Жас мамандарға қандай бос жұмыс орындары ұсынылуы мүмкін?
– Слесарь-жөндеуші және механик нақты не істейді?
– Слесарлар мен механиктердің жұмыс кестесі қандай?
– Кәсіпорында жас мамандар үшін қандай бағдарламалар қарастырылған?
– Практиканттар өндірістік практикада не істейді?
Осы және басқа да білім алушыларды толғандыратын сұрақтарға толық жауаптар алынды. Кездесу барысында алынған ақпарат студенттерге болашақ кәсіби қызметінде мақсатты және табысты болуға мүмкіндік береді.
Біздің әлеуметтік серіктесіміз «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-не нәтижелі диалог үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенемізво!
Authorization
*
*
Password generation