«Қазақстан – әлем аумағы» кітап көрмесі
Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау Тәуелсіз Қазақстанның басты әрі даусыз табыстарының бірі болды. Ұлттық бірлікті нығайту еліміздің және халқымыздың табысты болашағының кепілі болып қала береді.
Колледж кітапханасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан халықтарының тарихи – мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Қазақстан-әлем аумағы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмедегі әдебиет Павлодар облысының аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тарихы мен қазіргі өмірін; рухани мәдениеттің, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің дамуын; бейбітшілік, достық пен келісімнің символы ретінде Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы туралы бейнелейді.