«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының (одан әрі – Қағидалар) 5-тармағын орындау мақсатында арнайы, мамандандырылған білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қамқоршылық кеңестің құрамы қамқоршылық кеңес өкілдігіне үміткердің жазылған келісімімен алынған ұсыныстар негізінде қалыптастырылады.
Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері; коммерциялық емес ұйым өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, қамқоршылық кеңес құрамына кіру үшін төменде берілген байланыс мәліметтері бойынша жүгіну қажет: 8 (718) 2 55 58 80, 8 (705) 481 30 26
Қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 2-15 ақпан.