«Тәуелсіздіктің жетістігі»

20 қыркүйекте колледжде «Тәуелсіздіктің жетістігі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Спикерлер: Павлодар облысы ҚХА жастар қанатының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының белсендісі, журналистер одағының мүшесі, тарих ғылымдарының магистрі Р.Р.Смайылов, Тұран -Астана университеті жауапты хатшысының орынбасары Бил Т.Ю. Студенттер мен спикерлер Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген барлық жетістіктері мақсатқа жету жолын анықтайтынын атап өтті. Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Әр түрлі халықтар әр түрлі жолмен тәуелсіздікке революциялар, соғыстар, ұлт -азаттық соғыстар арқылы жетеді. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке және өзін-өзі билеуге ұмтылысының бастауы болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдады. Биыл біз басты мереке – Тәуелсіздік күніне, «Қазақстан Республикасы» деп аталатын егеменді мемлекеттің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өркендеген, халықаралық аренада танымал дамушы елге айналды.
Authorization
*
*
Password generation