«Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!»

2021 жылғы 3 қыркүйекте «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы іске
асыру аясында «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК-де жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған диктант «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында өтті.
Диктант жазудың негізгі мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Колледжде диктантты қазақ тілі пәнінің оқытушылары Якубова Н.А. және Смаилова Л.К ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 1 және 2 курс оқушылары қатысты.
Бұндай акция басқа ұлт өкілдері оқушылары арасында сауаттылық деңгейін анықтап, мемлекеттік тілде жазу, сөйлеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.
Authorization
*
*
Password generation