Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Павлодар облысының жастары арасында «Өз ісіндегі ең адал» облыстық онлайн-байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау 2021 жылғы 9 наурыздан 15 мамыр аралығында өтті.
Байқауға екі номинация бойынша 52 бейнеролик қатысты. Жұмысты әр саланың, оның ішінде қоғам өкілдері кірген комиссия бағалады.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» номинациясы бойынша колледж оқытушылары Гаухар Нурлановна Сулейменова, Любовь Михайловна Федосеева, Мақпал Байшотовна Шингисова 3 орынға ие болды.
Байқау жеңімпаздары портативті колонкалар және дипломдармен марапатталды.
Мұндай байқаулар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен цифрлық сауаттылықтың артуына ықпал етеді.