Біріккен Ұлттар Ұйымы, атап айтқанда, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) 15 қазанды «Дүниежүзілік қол жуу күні» деп жариялады.
БҰҰ мен ДДҰ сарапшылары атап өткендей, қолды жуу күн сайын мыңдаған адамның өмірін сақтайды. «Лас қолдар» Азия мен Африкада жоғары өлімнің басты себептерінің бірі болып табылады. Жуылмаған қолдар арқылы вирустық пневмония, гепатит, тұмау және жедел респираторлық аурулардың қоздырғыштары адам ағзасына енеді.
Қолды жуу сияқты қарапайым гигиеналық процедура ағзаны зиянды вирустар мен инфекциялармен жұқтырудың алдын алып қана қоймай, адамның өмірін ыңғайлы, жағымды және қауіпсіз ете алатындығын атап өткен жөн.
15 қазанда короновирустың алдын алу және Дүниежүзілік қол жуу күні аясында «Таза қолдар-денсаулыққа арналған рецепт» бейне-презентациясы өтті. Колледж студенттері осы күн туралы әңгімелерді тыңдап, «Қол жуу техникасы» бейне ролигін көрді. Содан кейін кітапханашы бұл туралы оқуға болатын кітаптарды көрсетті.