Павлодар облысының білім беру басқармасы біржолғы сыйақы төлей отырып, «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі түрінде педагогтарды көтермелеу үшін құжаттар жинаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Марапаттауға үміткерлер – мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтары.
Төсбелгі иегеріне 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
!!! Конкурсты ұйымдастыру қағидаларымен және қатысушыларға қойылатын талаптармен Павлодар облысы білім беру басқармасының сайтында танысуға болады (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/events/details/4638?lang=ru).
!!! Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар басқарманың ашық деректер порталына Ustazpavlodar.kz. ұсынылуы тиіс.