«Үлкен халық – үлкен отбасы»

«Үлкен халық – үлкен отбасы» атты  іс-шара түрінде дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараның  мақсаты Қазақстан  халқының ассамблея идеяларын дамыту  және студенттік ортада қоғамдық келісім мен бейбітшілікті сақтау және нығайту.    Ассамблеяның жастар қанатының  құрамы-  Смаилов  Рамиль –  координациялық кенесінің төрайымы, Гебель Роман  «Ленз» неміс жастар  клубының төрайымының м.а.,    Елемесова Зарина – орталық координаторы,  «Полония»-Жабко Алина,  «Славян  мәдениет орталығы»- Шрейнер Виктория,   Румын –молдавия қоғамы «Буковина»,   «Беларусь» мәдени орталығы, «Нұр ана әлемі» ҚҚ, және колледж  студенттері мен оқытушылар.

Дөңгелек  үстел барысында  келесі сұрақтар қарастырылды: Қазақстан  халқының ассамблея тарихы мен қызметтері,  республикалық жастар қозғалысы «Жангыру жолы» қызметі, Қ. Даржуман атындағы  ұлттық жаңару мектебі, және  Қазақстан  халқы  ассамблеясының  жұмыс жасауда жаңа бағыттары – медитациялар мен  қайырымдылық.

Іс-шара қатысушыларының барлығы бір тұжырымға тоқталды, себебі Қазақстан  халқы  ассамблеясының қызметі  арқылы  қоғамдық келісімнің ерекше түрі, сенім атмосферасы, қарым-қатынастың жақсаруы,  өзара түсінісу мүмкіндіктері қалыптасты.

Authorization
*
*
Password generation