Return to Көптілді білім беруді дамыту

Жаңалықтар!

Қашықтықтан білім беру негізінде орыс топтарында қазақ тілі пәнін оқыту

Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушылардың білімдерін әрі қарай тереңдетуде осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз. Қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.

Қашықтықтан білім беру негізінде қазақ тілі пәнін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде жүзеге асады. Барлық көрсетілген қателер есепке алынады. Ал оқытушының топтағы оқушылардың материалды меңгеру деңгейін көріп, бағалап, әрбір оқушымен оның қабілетіне қарай жеке жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Мысалы: чат арқылы тілдесуге болады (осының өзі жағымды фактор болып саналады). Әрбір өткізілген сабақтан соң оқушы тест арқылы өз білімдерін бекітеді, яғни, оқушы өз білімін өзі тексере алады. Бұдан соң оқушының өзінің өз бетінше оқуға қызығуы артады, өз білімін көтеруге тырысады. Қашықтықтан білім беру орыс топтарында қазақ тілін оқыту үрдісін  жандандырып, сапасын арттыра түседі.

Бүгінгі таңда мен барлық сабақтарымды онлайн өткізуге тырысамын, өйткені мұндай сабақ барысында оқушының алған білімін тікелей тексеріп, оқу үдерісі барынша екі жақты жүреді. Бұл оқушылардың жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық дағдыларын қалыптастырады. Оқушылардың есту, көру, сөйлеуіне септігін тигізеді. Сабақта монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым, тыңдап түсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық түрін қамтитын жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Сонда оқушы өтілген материалдар негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме жүргізе алуға және толыққанды хабар жасай ала білуге үйренеді. Оқытушыға оқушылармен байланысын өзара жақындастыратындай жолдармен жүргізуге мүмкіндік береді. Оқушы оқытушының үнемі назарында екенін сезінеді.

Онлайн сабақтарды өткізе отырып білім беру орыс топтарында қазақ тілі пәнінің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді, бірақ бізге көп ізденіс керек. Онлайн сабақтарды өткізуде оқытушының рөлі ерекше, өйткені ол оқушыға қажетті білім береді, сол білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде өзін-өзі дамыта алады.

Осыған байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін әр оқытушы өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сәйкес компьютер тілін білуі қажет.

                                     Смаилова Л.К., қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің оқытушысы

«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК

«Мемлекеттік тілде сөйлейміз»

Павлодар химия-механикалық колледжінде «Мемлекеттік тілде сөйлейміз» акциясы өтті. Шара наурыз мерекелеріне, яғни Халықаралақ әйелдер күні және Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды.

Акция өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеу әрекетіндегі жеке мүмкіндіктерін ашып, Қазақстан Республикасының мерекелерін, қазақ халқының салт – дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелейді, Халықаралақ әйелдер күні және Наурыз мейрамы туралы білімдерін пысықтап, сөздік қорларын, сөйлеу машықтарын дамытады.

«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ»

«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты Абай оқулары ақынның 175 жылдығына орайластырып өткізілген шара.

Бұл сайыстың мақсаты: оқушыларды Абайдың шығармаларына, жалпы әдеби шығармашылыққа қызығушылықты жандандыру, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.

Сайысқа химия-механикалық колледж оқушыларының  ішіндегі қазақ тілін жетік білетін өзге ұлт өкілдері қатысты. Олар: «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 19-9 тобының оқушылары Стаценко Марина және Шамраева Настя, «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 19-11 тобының оқушысы Мозуляко Галя, «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 19-9-1 тобының оқушылары Останин Артем, Новичков Сергей, Филатов Дмитрий, Гончарова Полина, Афанасьев Андрей.

Барлық қатысушылар сайыска жақсы дайындалған. Абайдың шығармаларын  оқыған оқушылар қазылар алқасын да, көрермендерді де таң қалдырды.

I-орынға Останин Артем, II-орынға Новичков Сергей, III-орынға Гончарова Полина ие болды. Барлық оқушылар Мадақтау қағаздары және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл шара ұрпақтарымызбен берік қол ұстасып, болашаққа қадам басуымызға көмектеседі деп ойлаймын.

«Мемлекеттік тілде сөйлейміз»

Павлодар химия-механикалық колледжінде «Мемлекеттік тілде сөйлейміз» акциясы өтті. Шара колледждің 40 жылдығына (40 years) орай ұйымдастырылды.

Акция өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеу әрекетіндегі жеке мүмкіндіктерін ашып, қатынас жасау мәдениетін, коммуникативтік қабілеттерін дамытады.

«Kazakhstan Spelling Bee 2020»

Павлодарда ағымдағы жылдың 8 ақпанында алғаш рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш тілділік туралы тұжырымдамасын қолдау мақсатында қазақстандық университеттер мен колледж студенттері арасында «Kazakhstan Spelling Bee 2020» ағылшын сөздерінің айтылу ұлттық конкурсының облыстық іріктеу туры өтті.

Халықаралық білім беру бойынша Американдық кеңес өткізетін бұл конкурс жастар арасында ағылшын тілін үйренуге және мәдениетаралық ынтымақтастықты дамытуға ынталандырудың жақсы ынталандыруы болып табылады.

Павлодар химия-механикалық колледжінің студенті Ворончихин Иван (ТНВ 16-9 тобы) байқауға қатысып, ағылшын тілі бойынша білімдерін іс жүзінде қолдана алды.

«Көптілділік-табысты болашақтың кепілі»

«Көптілділік-табысты болашақтың кепілі» –  дәл осы сөздер Қазақстанның ТжКБ жүйесінде көптілді білім беруді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. 2021 жылдың 29 қаңтарында Павлодар химия-механикалық колледжінде әдістемелік апта аясында «Көптілділік және көпмәдениеттілік – білім берудің базалық құзыреттілігі» тақырыбында вебинар өткізілді. Аталған іс-шара «Кәсіби ағылшын тілі» пәні (оқытушы А.С.Куракбаева) арқылы болашақ мамандарды кәсіби-бағытталған шет тілдік даярлауды модельдеу бойынша заманауи тәсілді қарастыруға, сондай-ақ арнайы пәндер сабақтарында ағылшын тілін енгізу мәселесі бойынша әріптестер арасында педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған (оқытушылар М.Т. Шарапиденова, С.Б. Умурзакова, И.К. Омарбекова). Бүгінгі күн өмірдің жылдам ырғағын талап етеді, сондықтан өзінің кәсіби тәжірибесін тарату мүмкіндігі қазіргі заманғы мұғалім үшін міндетті болып табылады, оның кәсіби құзыреттілігі мен өзін-өзі дамытуының дәлелі.

Видеожазу

Authorization
*
*
Password generation