«2019-Жастар жылын» тойлау аясында 2019 жылдың 26-29 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында Жастар ісі жөніндегі комитетінің І-ші Республикалық слеті және «Қазақстан студенттері альянсының» XVI Республикалық слеті өтті. Іс-шараға Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері: Ефремов Герман мен Листратов Данила, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Нурмагамбетова А.К. қатысты. Білім беру алаңының қатысушылары студент жастардың өзекті тақырыптарын талқылап, жастардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға естелік сертификаттары берілді, ал ең бастысы – бұл керемет жағымды эмоциялар мен әсер алу, жаңа таныстар мен достар табу, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитет қызметінің жаңа бағыттары мен студенттік жобаларға қатысуға ынта мен қызығушылық пайда болды.
Слеттың мазмұнды бағдарламасына Спартакиада өткізу енгізілді, ол Бурабай жазғы лагерінде өтті. Павлодар облысының шағын-футболдан құрама командасы (команда капитаны Ефремов Герман) 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен 1-ші орынға ие болды