Менің тілімнің шекарасы – менің әлемімнің шекарасы.
(Людвиг Витгенштейн)
Ағылшын тілін білу – әртүрлі мамандықтардың болашақ иелері үшін міндетті шарт болып табылады. Қазіргі уақытта елдер арасындағы шекаралар жойылған кезде тілдерді білу басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау үшін шексіз мүмкіндіктер ашады. Тілдерді үйрене отырып, өз-өзіңді, өзіңнің ана тіліңді, өзіңнің мәдениетіңді, өз халқың мен бүкіл әлемді жақсырақ түсінуге болады.
Студенттердің тілтанымдық құзыреттерін, қарым-қатынас жасау қабілеттерін, ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту мақсатында 2019-2020 оқу жылында халықаралық олимпиадалар циклінде «Мен – тіл маманымын» тақырыбында шетел тілдерінің халықаралық сайысы өтті. Павлодар химия-механикалық колледжінің 1 курс студентттері де ағылшын тілі оқытушысы Байльдинова Айнур Ергалиевнаның жетекшілігімен сайыс қатысушылары атанып, Останин Артём (МГҚТ 19-9-1 тобы), Базарбаева Асылана (БЗТ 19-9 тобы) 3-ші дәрежелі Диплом, ал қалған қатысушылар – сертификаттар алды.
Барлық қатысушыларға шетел тілін үйрену пайдалы болсын, көп қуаныш пен жаңа әсерлер әкелсін деп тілейміз!