Көптілді білім беруді дамыту

Қазақстандық қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік жаңғырудың маңызды аспектілерінің бірі – тіл саласындағы саясат болып табылады. Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай дейді: «… қазіргі замандағы қазақстандықтың үш тілді меңгеруі – бұл оның жеке басы жағдайының міндетті шарты. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Бүгінгі таңда шет тілін білу мол ақпарат ағыны мен инновациясы бар үлкен ғаламдық әлемге жол ашады.  Шет тілін меңгеру әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқуға және әлемнің дамыған елдерінде тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Тіл – бұл әртүрлі менталитеттер өкілдерін біріктіретін ең жақсы «көпір». Тілдің ең маңызды қасиеті: өзінің даму үдерісінде халық мәдениетінің фактілері мен құбылыстарын жинақтау, сақтау және көрсету. Мәдениет факторларын тіл тұлғасынан (лексикадан, фразеологиядан, сөйлеу этикетінің формаларынан және жалпы мәтіндерден) алудың тәсілдері мен әдістеріне үйрету студенттің жалпы мәдениетін арттырады, оның ой-өрісін, мәдениет, әдебиет пен қоғамдық өмір туралы білімін кеңейтеді және жастарды патриоттық тәрбиелеуге ықпал жасайды.

Жаңалықтар!

Қашықтықтан білім беру негізінде орыс топтарында қазақ тілі пәнін оқыту Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушылардың білімдерін әрі қарай тереңдетуде осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз. Қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қашықтықтан білім беру негізінде қазақ тілі пәнін оқыту сапасын арттырып, білім …

Authorization
*
*
Password generation