«Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт – Change your thoughts – change your life»

2019 жылдың 30 қазан күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт – Change your thoughts – change your life» мотивациялық кітап көрмесі өтті, онда Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері мен орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Татьяна Александровна Уфанова қатысты. Бұл іс-шара дәстүрлі емес нысанда, көптілдік бағытта өтті. Балаларға үш тілде Н.Хиллдың «Ойлан да байы», Д.Аменнің «Өз ойыңды өзгерт», С.Бисекеевтің «Өзіңді өзің шыңда», Р.Кийосакидің «Бай әке, кедей әке» және жастарға өмірде өз жолын табуға көмектесуге бағытталған т.б.  мотивациялық кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар спикерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кітаптар ұсынды (қатысушы қонақ – американдық волонтёр).

Әрбір кітап – бұл үміт пен шексіз мүмкіндіктерді ашатын, кеңестер мен оларды қолданудың қайнар көзі. Мұндай бойды рухтандырып шабыт беретін еңбектер жастардың ой-өрістерің кеңейтіп, сонымен қатар өмірге деген көзқарасты да өзгертуі мүмкін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Authorization
*
*
Password generation