WorldSkills

Оқу үшін қолайлы жағдайлар құрудағы ерекше орын WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберлік сайыстарын дайындау және өткізу жолымен таңдалған мамандыққа қызығушылықты ояту болып табылады.

«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК Құзыреттілік орталығын құру бойынша, сонымен қатар «Технология және зертханалық химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша білім беру мекемелерінің тізіміне енгізілген.

2019 жылғы қазанның 14-нен 18-не дейін Нұр-Сұлтан қаласында WorldSkillsКаzakhstan 2019 Республикалық чемпионаты өтеді.

Республикалық чемпионақа қатысушыларды таңдау үшін мамыр айының соңғы он күндігінде «Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК-да «Технология және зертханалық химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Pavlodar-2019 ішкі чемпионаты өткізілді.

Сайыс қатысушылары 0816000 «Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша оқушылар. Түрі: Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

WorldSkillsPavlodar-2019 ішкі чемпионаты аясында келесі іс-шаралар өтті:

  1. Ақпараттық сағат «WorldSkills-табысқа жету жолы»

Іс-шараның мақсаты оқушылар ортасында WorldSkills қозғалысын әйгілі ету, оқушылардың WorldSkills халықаралық қозғалысының стандарттары бойынша кәсіби шеберлік сайысын өткізу тарихымен, сондай-ақ оның Қазақстанда даму қарқынымен танысуына жәрдемдесу.

 

  1. «Технология және зертханалық химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша ішкі чемпионат.

 

Ішкі чемпионаттың сайыстық бағдарламасына оқушылардың аналитикалық бақылаудағы және зертханалық жабдықтармен және аспаптармен жұмыс жасаудағы дағдыларын анықтайтын тапсырмалар кірді.

WorldSkills Pavlodar-2019 Аймақтық чемпионатының нәтижелері бойынша бірінші орынды БЗТ-16-9 тобының студенті Косенко Артем алды, оған 2019 жылдың 14-18 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Технология және зертханалық химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша  Павлодар облысын қорғау құрметі берілді.

3.Колледжде «WorldSkills» – басталғанға дейін 100 күн Республикалық сайысына сайыскерлерді даярлау бағдарламасын ашу рәсімі өтті.

  1. Технологиялық пәндердің ЦӘК оқытушылары үшін «WorldSkills-табыс траекториясы» дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: «Технология және зертханалық химиялық талдау» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік сайысына дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын құру және стратегияларды талқылау.

Authorization
*
*
Password generation