2018 жылғы 29 наурызда химиялық пәндердің жас оқытушысы З. М. Темешева «Мұнай және газды қайта өндеу технологиясы» 0816000 мамандығы ТНГ 16-9-1 тобында «Біратомды спирттердің химиялық қасиеттерің зерттеу» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Сабақ зертханалық-тәжірибелік тапсырмаларымен, флипчарттарды қолданумен (бейнетәжірибелер) өте қызықты өтті.
Сабақта өзекті, іздену (зерттеу әдістері мен саралап жіктеп оқыту әдістері қолданылды.
Оқытушы сабақ барысында оқушылардың жұмысын белсенді ете білді, берілген материалдардың мәнін жеткізе білді, бірлесіп әрекет істей білуге, бірлесіп жұмыс істей біліге тарта білді.
Оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыру кезінде оқытушы жеке, топпен және оқу қызметінің жалпыға бірдей әдісін боліп, байланыстыра білді.
Қазіргі сабақтың талаптарының бірі болып саналатын, өз бетімен жұмыс істеуге зор көніл бөлді.