Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

2018 жылдың 13 наурызында колледждің технологиялық бөлімшенің студенттері үшін 201 кабинетте, механикалық бөлімшенің студенттері–конференц-залында түсіндірме дәрістер өткізілді, оның мақсаты Қазақстан Республикасының  Президенті    Н.Ә.Назарбаевтың   2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халыққа жолдауы. Қазақстан Республикасы  Президентінің   білім беру, тұрғын үй және  несие беру саласындағы өзгерістерге қатысты барлық бес бастамасы айтылды және айқын көрінді. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысты.Олар елдегі жаңа өзгерістерді қолдау үшін өздерінің пікірлерін білдірді, олар негізінен жастарға бағытталған. Студенттер оқуға, микрокредиттеуге арналған қаражатқа құанды. 7-20-25 жаңа тұрғын үй бағдарламасы студенттерде ерекше қызығушылық тудырды.25 жыл ішінде 30 пайыздың  орнына -20 пайыздық бастапқы төлемі 7 пайызды құрайтын несие жастарға тұрғын үй алуға  мүмкіндік   береді.Жаңа әлеуметтік бастамалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған. Бәрінен бұрын гүлденген Қазақстан – бұл ең алдымен мемлекетті қорғау, қолдау және қамқорлық сезінетін және  өздерінің  өзара   қарым-қатынасы мен патриотизмі арқылы өз-өзіне  сенімді   адамдар.

Authorization
*
*
Password generation