Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет

2018 жылдың 5 наурызында колледждің мәжіліс  залында ТНГ-15-9, ТНГ-16-9-2 және ТОРО-15-9-1 тобының  қатысуымен «Қазіргі әлемдегі қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: қазақстандық этникалық топтарды, азаматтық және рухани, мәдени қоғамдастықты біріктіру арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.Дөңгелек үстел жұмысына Паули Элина Сергеевна – Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар Ассоциациясының үйлестіру кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты қатысты. Ол Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының  жастар бірлестігінің қызметі туралы әңгімелеп берді. Олар қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізеді, тарихи-мәдени мұраны зерделеу, достық қарым-қатынастарды нығайту, түрлі ұлт өкілдерінің өзара көмек көрсету мақсатында Павлодар облысының көп ұлтты жастарын мақсатты бірлескен іс-әрекеттерге біріктіруге көмектеседі. ТНГ-16-9-2 оқу тобының студенттері Костырин Владислав пен Кенжаева Замира баяндамалар жасады, олар қазіргі әлемдегі елдің бәсекеге қабілеттілігі негізінен мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігімен анықталғанын атап өтті. Қазіргі Қазақстанның мәдениеті оның аумағында тұратын халықтардың мәдениетінен тұрады.Дөңгелек  үстелге  қатысушылар халықтар арасындағы бейбітшілік пен достыққа құрмет көрсету, барлық халықтардың тарихи-мәдени дәстүрлерді құрметтеу, этникалық және психологиялық ерекшеліктерін, халықаралық қатынастардың үйлесімді дамуына біріктіру қажеттілік туралы әңгімеледі.

Authorization
*
*
Password generation