«Павлодар – өндіріс мекені»

2018 жылғы 2 наурыз күні колледждің мәжіліс залында «Мәңгілік Ел-Индустрияға», «Серпін» бағдарламасы бойынша оқыған «Мұнай, газ өндеу және химия өнеркәсібінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 4-курс студенттерінің қатысуымен «Павлодар -өндіріс мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттердің диплом алдындағы тәжірибесін өтуін және олардың жұмысқа орналасуын ұйымдастыру болды.«Тотал Сервис» ЖШС персоналымен жұмыс жасау саласындағы жетекші мамандар – Мауытова А.Т.,Харитонова С.А сорғы және кешенді техника секторының жетекшісі Янченко Е.Ю. ,«ПМХЗ» ЖШС оқу орталығының бастығының орынбасары – Пешков А.О. «Каустик» АҚ кадрлар бөлімінің бастығы – Садуақасова Г.Ж. дөңгелек үстелге қатасты.Олар студенттерді жұмыскерлерге ұсынылатын талаптармен таныстырды, жұмысқа қабылдау тәртібі туралы айтып берді, дипломға дейінгі тәжірибеге қатыса алатын студенттердің санын белгіледі.Студенттер көптеген сұрақтар қойды, олар осы кәсіпорындардағы жұмыс бейініне, жұмыс іздеуге, мамандыққа деген сұранысқа, жұмыс жағдайына қызығушылық танытты.Әлеуметтік серіктестермен кездесу өте қызықты өтті.Осындай кездесулер оқу орындары үшін де, кәсіпорындар үшін де қажет, олар  жұмыс істеген кезде оқу орнының түлектері үшін нақты тапсырмалар мен талаптарға жақындатады.

Authorization
*
*
Password generation