«Көк байрақты нұр елім!»

15 желтоқсан 2017 ж. Павлодар химия-механикалық колледжінің акт залында Тәуелсіздік мейрамы қарсанында «Көк байрақты нұр елім!» мерекелік концерт өтті. Рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру – бұл осы іс-шараның негізгі мақсаттары. Концертке Павлодар қаласының Достық үйінің шығармашылық ұжымдары және музыка колледжінің студенттері шақырылды. Олар Қазақстан үшін Отанға деген сүйіспеншілік туралы әндер орындады. Тәуелсіздік дәуірінде дүниеге келген біздің отандастарымыз – «Қазақстанның 100 Жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарының есімдері тыңдалды. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің бірі ретінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысты Астана туралы көптеген сөздер айтылды.Концерт  жоғары эмоционалдық өрлеуде өтті.

Authorization
*
*
Password generation