«Туған жер – алтын бесігім» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың қыркүйектің 29 Тілдер декадасы шеңберінде «Туған жер – алтын бесігім» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Мақсаттары мен міндеттері

1) Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
2) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету. Студенттердің өзіндік шешімдер мне тұжырымдар жасай білу және оны ауызша және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру.
3) Оқушыларды саяси саналылыққа , өз елін, жерін қорғауға, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

    Талқыланған сұрақтар:

  • Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
  • Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мүддесі .
  • Қазақстан Республикасының халқы қай тілде сөйлеу керек?
  • “Мекенім – Қазақстан… ” аталған пікірге өз ойынды қос.

Аталыш мәселелер төңірегінде    қонақтарымызға: Қазақстан Ассамблеясының    Славян орталығының өкілі Сулиманова Камилаға, «Возрождение»  неміс орталығының өкілі Кременской Вячеславқа  сөз берілді және  1-2 курс студенттері:      Воронков Владимир ,  Камали Ильяс  , Советхан Досмұхаммед , баяндамаларын оқып, ой қозғады.

Қорытынды сөз қазақ тілі оқытушысы Якубова Н. берілді.
Өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік.  Мемлекеттік тілді білу қазақстандықтарды адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой – пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар.

Соңында марапаттау рәсімі өткізілді.

Authorization
*
*
Password generation