2017 жылдың қыркүйектің 25 Тілдер декадасы шеңберінде «Көркем сөздің жұлдызы» атты әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекілік құралдар: видеобейне, ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал – жабдықтар, аудиоаппаратура.
Шақырылған қонақ: Павлодар өңірінің атақты ақыны Сүлеймен Баязитов.
Жүргізушілер ақынның өмірбаянымен таныстырғалы , видеобейне көрсетілді.
Ақын Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Шанин ауылында дүниеге келген.
1962-1963 жылдары алғашқы жазған шағын әңгімелері, өлеңдері «Тың өлкесі» газетінде жарық көрген. Шығармалары облыстық «Қызыл Ту» (Сарыарқа самалы), республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Дала дидары» газеттерінде, «Балдырған», «Жалын», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Сарыарқа», «Ара» журналдарында жарияланған. Республикалық «Жалын» баспасынан «Бастау» атты жыр жинағы шықты. «Жыл он екі ай» атты жинақта өлеңдері жарияланды. 1967-1997 жылдары «Жеңіс» («Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1997 жылдан 1999 жылға дейін облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші қызметін атқарады
С. Баязитов 2007 жылы №1 «Абай» журналында «Өз Абайым, өз ақыным» атты шығармасында Абай Құнанбаевтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылықтарына арнап мақала жазды.
Жазушы шығармашылығындағы басты жанр – әңгіме, повесть, өлеңдер мен сатиралық шығармалары. С. Баязитовтың алғашқы «Бастау» өлеңдер жинағы «Жалын» баспасына жарияланды. Содан кейінгі жылдары «Тамыздағы тамық» повестері, «Жасыбай батыр», «Арылу», «Көлеңке» әңгімелері жарық көрді. 18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батырларының бірі Ер Жасыбай туралы 2004 жылы Сүлеймен Баязитовтың «Жасыбай батыр» атты жинағы шықты.
Жазушының кіші жастағы балаларға арналған «Таңбалы тас үңгірі», «Бөріқұлаған», «Содыр шал, Алшын, Көк бөрі» ертегі, аңыз поэмалары жарыққа шыққан.
Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, Павлодар өңірінің атақты ақыны, жазушысы, аудармашы Сүлеймен Баязитов.
Ақсақал, сахнаға шағып, сөз сөйледі. Студенттер жазушының әңгімесін үлкен қызығушылықпен тындап, сұрақтар қойды. Кездесудің соңында жазушы өз шығармашылығынан үзінділерін оқыды. Іс-шараның ұйымдастырушылары Сүлеймен Баязитовқа алғысын айтып, гүл ошақ сыйлады. Атақты ақынға арналған кеші өз мәресіне жетті.
Құрметті Сүлеймен ата, біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергеніңізге мың алғыс! Жүз жасаңыз ата! Бүгін сізбен болған колледждің өнер тарландарына батаңызды беріп кетсеңіз, нұр үстіне нұр болар еді.