Александра Владимировна Назаренко

Александра Владимировна  Назаренко – жоғары санатты арнайы пән оқытушысы

Александра Владимировна  Павлодар химия-механикалық колледжінде  2000 жылдан бастап жұмыс істейді.Оқу-танымдық қызметті жаңа сабаққа талапты ескере отырып, дамыта оқытудың дидактикалық принциптер негізінде құрады. Проблемалық оқытуға үлкен көңіл бөледі, қызығушылықты көтеру мақсатымен  сабақ және сабақтан тыс жұмыста жаңарту түрлері мен әдістерді белсенді қолдана отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

толықтай

Оқытудың әдістемесін меңгере отырып, Александра  Владимировна  жұмыстың әдістерін таңдауға шығармашылық қарайды, оқытудың интерактивті құралдарын, оқытатын тақырыптар бойынша презентация қолданады.

«Саланың технология негіздері» пәні бойынша «Каталитикалық крекинг орнату түрлері» модульді бірлікті, «Оқу қызметін бақылау құрлын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар», «Зертханалық (тәжірибелік) жұмыстар орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар» әзірледі .

Педагогикалық шеберлікті көтерумен айналысады. Беларусь Республикасы Минск қаласында Біліктілікті көтеру Республикалық институтында,  «Самұрық-Қазына» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС компанияларында дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша жоба шеңберінде «Ресурстық/салалық орталық жағдайында білікті қызметкерлер мен мамандарды дайындауды ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету», «Құзіреттерде негізделген модульдік бағдарламаларды дайындау және енгізу», Павлодар қ. «Өрлеу» ҒТҚО АҚ «Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін көтеру», «Destri Lab» ЖШС «Заманауи химиялық зертханаларда тәжірибелік, аналиткалық және зерттеу тапсырмалардың жаңаша шешімдері», Павлодар облысы Білім беру басқармасы  «ИТО» КММ «Оқу үрдісінде интерактивті әдістің мүмкіндіктерін қолдану» курстан өтті. «ПМХЗ» ЖШС тағылымдамадан өтті – тақырыбы «Жаңа техникалық ақпаратпен: қысқаша мазмұндармен, журналдармен, паспорттармен танысу».

«Қазақстан Кәсіпқой» Ғылыми-әдістемелік журанлда «Орта буынды мамандарды дайындауда модульді оқытуды және тең дәрежелі бағдарламаларды қолдану» мақаласын жариялады.

Александра Владимировнаның оқушылары ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысады:  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының “Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа қадам” XIII ғылыми-практикалық конференциясында (2016 жыл) Шеповалов П «октандық санын арттыратын  дәстүрлі емес қондырғылармен бензин композициясын зерттеу»баяндамасымен, Болтаева Т «Биоотын алудың технологиясын әзірлеу»баяндамасымен, Шеповалов П «Қазіргі әлемдегі «Ғылым»  химия бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда  «Биологиялық компонентімен отынды қабылдау және пайдалану мәселелері жөнінде»  баяндамасымен   (2016 жыл).

Authorization
*
*
Password generation