12 қараша күні Павлодар химия-механикалық колледжінің конференц залында 1-ші курс студенттерінің конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары соңғы жылдары жастардың экстремистік және террористік әрекеттерге қатысу мәселесі өзекті бола бастағанын атап өтті. Семинарға қатысушыларға сенім телефонының жұмысы туралы айтылып, әдістемелік әдебиеттер таратылып, тақырыптық фильмдер көрсетілді.